14 Мамыр 2024

Астанадағы "Благодать" протестанттық шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашкымбаев психиатриялық сараптамаға жіберілді. Бұған қоса, ол шіркеуге келушілердің біріне рухани қиянат жасаған көрінеді.

Tengrinews.kz порталы хабарлағандай, Бақытжан Қашқымбаев Алматыда тексеруден өтеді. Сараптама қорытындылары бір айдан кейін белгілі болады.

Пастордың қорғаушысы Риза Нұрбаеваның айтуынша, Қашқымбаев өзінің наразылық белгісі ретінде аштық жарияламақшы. 67 жасар пастор Ләззат Әлменованың денсаулығына қасақана зиян келтірген.

Шіркеудегі кезекті жиналыстардың бірінен кейін азаматша психиатриялық ауруханаға жеткізілді. Оған өзіне өзі қол жұмсау қаупі бар параноидалды шиофрения диагнозы қойылды.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, діни бірлестіктің пасторы шіркеуге келушілерге қызыл түсті сусын берген. Кейіннен зерттеу орталығы шығарған қорытындыда, бұл сусынға фенол тобындағы зат қосылған, сондай-ақ эйфория тудыратын және әлсірететін галлюциногенді қоспалары бар дәрілік зат екендігі анықталды.

 

 Патриарх Кирилл осындай мәлімдеме жасап, өз ойын былай білдірді: «Бүгінгі таңда не істесе де әркімнің өз еркі» деген қасаң түсінік жайлаған. Осыған орай, әлеуметке зияны шаш етектен зұлымдыққа бет бұрғандарға тыйым болмай тұр. Бастысы – азаматтық заңнан аттамаса болғаны. Алайда, бұл заңнан айналып өтудің жолдары құпия болудан қалғалы қашан» деді ашына тіл қатқан Патриарх. Бұл жайында «Интерфакс» хабар таратты.

 «Соңғы уақытта біз азғындаудың шегіне жеттік. Кейбір елдер күнәлі істерді заңмен ақтамақ болып, жанталасуда. Мұндай сорақылықтар мен келеңсіздіктерге қарсы шыққандар заңмен қудалануда. Бұл ақырзаманның қауіпті белгілерінің бірі», – деді ол сөзін сабақтап.

 Маусымның 30-ы күні Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин діндарлар мен балаларды гей-насихаттан қорғайтын заңға қол қойған болатын. Аталмыш заң талаптарын бұзғандарға 1 млн рубльге дейін айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал діндарлардың ар-намысын қорлағандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 Патриархтың сөзіне қарағанда, мұндай азғындықты тоқтату үшін бір заң жеткіліксіз болып табылады. «Біз қылмыстың, жемқорлықтың, жанжалдың, зұлымдықтың бетін ешбір заңның қайтара алмайтынын жақсы білеміз. Оны жақсылықты таңдаған адам ғана тоқтата алады», – деді Орыс православ шіркеуінің жетекшісі.

 Ақтөбе облыстық әділет департаментінің басшылық етуімен «Лаңкестікке қарсы тұру және оның жолын кесу» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды. Семинарға Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Максим Сапаров, «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының дінтанушысы Асланбек Тыныштықов, Ақтөбе облыстық Нұр Ғасыр мешітінің найб-имамы Серік Еншібайұлы және Дін істері департаментінің бас маманы Төлеген Талдыбаев арнайы шақырылды.

 Алғашқы сөзді әділет департаменті жетекшісінің орынбасары Бауыржан Ерімбетов алып, Қазақстан Республикасындағы діни ахуал мен лаңкестік мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының нұсқауымен «террорлық әрекетке қарсы орталық» құрылып, барлық құзыретті органдар жүйесінде діни экстремизммен күрес жүргізілетіндігін тілге тиек етті.  Қандай да бір ұйымның наным-cенімі еліміздің негізгі Заңдары мен ұстанымына қайшы келіп, халықаралық келісім шарттарын бұзса және қоғамға қауіп тудыратын жағдайда, «терророистік ұйым» деп танылытындығын айтып өтті.

 Дін істері департаментінің бас маманы Төлеген Талдыбаев мемлекет тұрғысынан «лаңкестік іс-әрекеттердің» кез-келген түріне қоғам ретінде қарсы екендігімізге тоқталды. Әрі ақыл тоқтатпаған жастарымыздың өзгенің жетегінде кетіп қалмаулары үшін, әлі де болса тосқауыл қоюдың мүмкіндіктерін жоққа шығармауға шақырды.

 Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Максим Сапаров мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қызмет атқарып келе жатқан ақпараттық-кеңес беру орталығы және оңалту мен сауықтыру кешендері жайын сөз етті. Және де ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, аталмыш жүйеде кейбір өзгерістер енгізілгендігіне тоқталды.  

 «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының дінтанушысы Асланбек Тыныштықов жат ағымдардың жалауын желбіретіп, басқаның сойылын соққандар жайында ақпар берді. Сонымен бірге, дін атынан сөйлейтін керітартпа діни бағыттардың көсемдері «қой терісін жамылған қасқырдай» арамызда жүріп, теріс пиғылдарын іске асырғылары келетіндігі жөнінде баса айтты. Сондай жастардың «неке мәселесіне» ат үсті қарайтындығына, соның салдарынан ажырасу көп кездесіп жататындығын дәлелдермен айтып жеткізді.

  Ал, лаңкестік пен террорлық іс-әрекеттерге баруға бой алдырған өрімдей жастардың діни білімнен жұрдай болғандықтан сорақылыққа салынып, арам ойлы адамдардың азғыруына оңай еріп кететіндігін еске салды.

 Нұр Ғасыр мешітінің найб-имамы Серік Еншібайұлы ата-аналардың назарынан бала тәрбиесі тыс қалған кезде, бостықтын орнын басқалары толтыратындығын айтты. Сонымен қатар әлеуметтік желіде көп уақыттарын өткізетін өскелең ұрпақты қадағалау тиіс екендігін қаперге салды. Және де дәстүрлі дінімізді үйренем деушілерге мешіт қызметкерлері барынша жәрдем көрсететіндігін айтып кетті.

 Екі сағат көлеміне созылған семинарға әділет департаментінің негізгі құрамы мен жоғарыда аты аталған дін саласының мамандары қатысты. Әрі күн тәртібіндегі өзекті де өткір мәселелердің басын ашып алды.

 Астана.  Baq.kz – Иракта жарылыс салдарынан шомылып жүрген төрт жасөспірім көз жұмды. Қанды оқиға Бағдаттан шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан Ваджихия ауданында орын алған.

 Қайтыс болған төрт баланың екеуі жағаға жетпей көз жұмса, қалған екеуі ауруханаға бара жолда бақилық болыпты. Бұл жайытты қазір жергілікті билік ресми түрде растады.

Жарылғыш заттың өзен ішіне қалай түскендігін тәртіп сақшылары түсіндіріп бере алмай отыр.

 Аталған лаңкестік оқиға Ваджихияда аптасына екінші рет орын алып отыр. Бұдан бұрын Тигр өзеніндегі миномет снарядының жарылуы салдарынан шомылып жүрген төрт адам көз жұмған болатын. "Әл-Каиданың" салафиттері аймақта шомылуға тиым салып, лаңкестік әрекеттерімен жұртты осылайша қорқытып отыр.

 Өздерін мұсылманбыз деп есептейтін Ирак діншілдері бағынбағандарды өлтіруден еш тайынбайды және мұны күнә деп есептемеген. Олар елдегі "батысша" білім алған барлық зиялы қауым өкілдеріне, араб үлгісінде киінбейтін қыз-жігіттерге, футбол жанкүйерлеріне қарсы соғыс та жариялаған және дәл осындай себеппен Ирактың қаншама азаматын қырып тастады.

 Биліктегілер жылдың басында жағдайды біршама тұрақтандырған. Дегенмен, мамыр айынан бері салафиттік топтар халықтың тыныштығын қайта бұзды. Қазір мұндай лаңкестік әрекеттердің саны еселей өсіп, күніге жарылыс дауысы естіледі.