19 Сәуір 2024

Дінді бетперде қылуға жол жоқ

Rate this item
(0 votes)

 Жастарымыз теріс бағыттағы ағымдардың ықпалында кетпеуі үшін ауыл, аудан және облыс көлемінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай бір басқосуды Қандыағаш қаласының өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің студенттерімен «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының дінтанушы маманы Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы өткізді.

  Кездесудің алғы сөзін колледж директоры Байбулов Бек бастап ашты. Қонақ таныстырылған соң, шырмауы көп секталардың шылбырынан шығудың жолдары көрсетілді. Әңгіме кезінде дінтанушы ислам тарихына тоқталып, дәлелдер мен дәйектерді келтіре сөйледі. Сонымен бірге араб тілінің сан қырлы мағыналары бар екенін айта келіп, Құранның астарлы аяттарын қаз-қалпында түсіну адасушылыққа алып соғатынын тілге тиек етті. Сондықтан Қасиетті Кітапты ұғыну үшін білім-ғылыммен қатар ол саладағы ғалымдардың анықтамаларына назар аудару керек екендігін алға тартты.

  Ғаламтор арқылы жұмыс жүргізетін жабайы секталардың жаулап алуына тосқауыл болу керек жайында да айтылды. Студенттер жағынан намаздың үкімі мен киім үлгісіне қатысты сұрақтар қойылды. Дінтанушы тарапынан дәстүрлі дінді насихаттайтын дұрыс кітаптарды оқуға болатыны жөнінде кңес беріліп, оқулықтың аты мен авторы туралы да айтылды. Әрі дінді бетперде қылуға жол жоқтығына да тоқталды. Кездесуге колледждің директоры мен студенттері, сондай-ақ мұғалімдер қатысты.      

Read 3629 times