14 Мамыр 2024

Қырғызстанда ұсталған қазақстандық лаңкес серіктестерімен жүзеге асырмақ болған ойын жариялады.

Олар Сирияда ланкестік топтың құрамында үкімет күшіне қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан болып шықты.

Айтуынша, ол алдымен Алматы қаласында тұратын өзінің күйеу баласын ұрлау арқылы, оның туыстарынан 50 мың АҚШ долларын талап етпек болған.

Сөйтіп, қаржының 20 мыңы Түркия арқылы Сирияға асырылып, қалған 30 мыңына қару-жарақ сатып алуды көздеген.

Қырғызстан арнайы қызметі отандасымыздың аты-жөнін әзірге құпия күйде ұстап отыр. Ол -  "Ислам жихады одағы" деп аталатын күдікті топтың мүшесі.

 

Источник: Астана телеарнасы

           

Қырғызстанда Сириядан өткен террористер тобы ұсталған, оның арасында Қазақстан азаматы да бар.

Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан деп хабарлады Азаттықтың қырғыз қызметі.

Арнайы қызметтің мәліметінде "Ислам жихады одағы" деп аталатын күдікті топтың тамыз айының соңында, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бішкектегі саммиті қарсаңында, Ош облысында қолға түскені айтылған.

"Сириядан Қырғызстанға террористік-диверсиялық акцияларды іске асыру мақсатымен жіберілген топтың құрамында Қазақстан Республикасының бір азаматы мен Ош облысында туып-өскен Қырғыз Республикасының екі азаматы болған, олар Сирияда террорлық құрама қатарында үкімет күшіне қарсы әскери іс-әрекеттерге қатысқан" делінген Қырғызстан арнайы қызметінің ақпаратында.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл топ мүшелерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу барысында, оларды террорлық ұйымдардың басшылары мен иедологтары Бішкек және Ош қалаларында шу туғызатын террорлық акциялар жасау мақсатымен Сириядан Қырғызстанға арнайы жібергені анықталды деп хабарлаған.

 

Источник: Азаттық радиосы

Отан отбасынан басталады. Жанұяны отағасы мен отанасыз елестету мүмкін емес. Бала болса сол отбасының бақыты мен болашағы. Ақтөбе қаласындағы автожол колледжі отбасы күніне орай «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығымен бірлескен түрде «Менің отбасым және сенімім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

  Алғашқы оқу жылын бастаған 1-курс студенттері үшін шара қызықты өтті. Ойларын ортаға салып, түрлі пікірлерді талқылаған жастар өздерін емін-еркін ұстады. Дөңгелек үстелге аталмыш оқу орнының 15 білім алушылары мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, колледждің әлеуметтік сала педагогі және психолог маман қатысты.

Шара соңында «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының мамандары дайындаған бүктемелер таратылды.

 

 Астана. Baq. kz – Қазақстанда лаңкестерге арналған құпия зират пайда болады. Енді көзі жойылған қаскөйлердің мүрдесі осында жерленбек, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

 Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, лаңкестік әрекет жасау немесе арнайы операция кезінде өлтірілген бүлікшілердің денесі бұрынғыдай туған-туыстарының қолына табыс етілмейді. Олардың қай жерге көмілетіні де құпия сақталады. Тіпті бейіттерінің басына ешқандай белгі қойылмайды. Ал, жерлеу рәсімдерімен жергілікті әкімдіктер айналыспақ. Айта өтейік, лаңкестердің мұнай құпия зираттары қазір бірқатар батыс елдерінде, Израиль, АҚШ пен Ресейде бар.