14 Мамыр 2024

 Біріккен араб әмірліктерінің Федералды жоғарғы соты бүгін 64 діни ағым мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды. Оларға мемлекетке қастандық жасады деген айып тағылған. Жалпы, сот ісі бойынша «Әл-Ислах» радикалды тобының 94 мүшесі жауапқа тартылды. Бұл ұйым «Мұсылман бауырлар» қозғалысымен қоян-қолтық жұмыс істейдің екен. Ал «Мұсылман бауырлар» ұйымының БАӘ-де әрекет етуіне заңмен тыйым салынған. 8 адам 15 жылға, қалған 56 айыпталушы 3-тен 10 жылға дейін түрмеде отыру жазасына кесілді. 26 эмираттық ақталып шыққан. Олардың барлығы өткен жылдың шілде айында экстремизмге қатысы бар деген күдік бойынша қамауға алынған болатын.

  Жергілікті сарапшылардың айтуынша, биліктің бұл шарасы аймақтағы «Араб көктемінің» әсерінен күшейіп келе жатқан радикалды көріністер Біріккен араб әмірліктеріндегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деген қауіптен туындаған. Соңғы бір жылдың ішінде БАӘ құқыққорғаушылары «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар ондаған адамды тұтқындаған.

«Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығы Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Облыс тұрғындарының діни наным-сенім бостандығы мен құқығы саласында ақпараттық-консультативтік, заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсету орталығының жұмысын ұйымдастыру және дінаралық келісімді нығайту, діни экстремизм көріністерінің алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізуге байланысты» қызметтерді ұйымдастырып келеді.

 Шалғайдағы ауылдар мен алыстағы аудандарды қамту мақсатында деструктивті секталар мен керітарпа діни жат ағымдардан жапа шеккендерге көмек беру үшін, жергілікті баспасөз құралдарының қызметін пайдалануда.

  «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің әр санында жарнамаларға арналған арнайы бетте орталықтың 8 (7132) 24-40-70 сенім телефонымен www.zharyk.kzсайты және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасы оқырмандардың назарына көрсетілген.

 Қызметтің осындай үлгісін пайдаланып, түрлі дін атын жамылып жүрген арам пиғылды ағымдардан туысқандары мен таныстарын арашалап, оларға жәрдем беру үшін хабарласқысы келетін адамдарға жеңілдіктің осындай негізі ұсынылады.

 Ресей Федерациясында уахабиліктің кері әсерінен исламофобияшылдар мен ксенофобияшылдар саны күннен күнге артып келеді. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, бұл мәселені Пятигорскте өткен аймақтық ғылыми-практикалық конференцияда лаңкестікке қарсы ұлттық комитеттің өкілі Николай Синцов мәлімдеді.

  Бүгінгі күні ресейліктер ислам дінінен, мұсылмандардан қорқа бастады. Елде жат ағымдардың көбейіп, дін атын жамылып, исламға қайшы әрекеттер жасауы  халық арасында қорқыныш сезімін тудыруда. Ал бұл үрейдің соңы мұсылман қауымына қарсы іс-әрекеттің туындауына әкеліп соқтырады,-деп мәлімдеді ЛҰК-тің өкілі Николай Синцов.

Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясының заңды тұлғалар бірлестігі байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Томирис мейрамханасының Lounge Bar People`s ғимаратында төртінші билік иелеріне пресс-ланч ұйымдастырды.

  Шара бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін ерекше түрде атап өту мақсатында өткізілді. Осылайша «төртінші билік» пен «үшінші сектор» өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас нығая түсіп, қоғамымыздың дамып, өркендеуі үшін тағы бір қадам алға ілгеріледік.

 Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясының заңды тұлғалар бірлестігі құрамына әр түрлі бағытта халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін 23 үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Олар «қалам және микрофон» қызметкерлеріне шағын тосын сый жасап, жүрек жарды лебіздері арқылы құттықтап, құрмет көрсетіп, мерекелік концерт көрсетті. 

 Атылмыш іс-шараның айтарлықтай деңгейде өткізілуіне «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігі, «Мұғалім» дайындық мектебі, «Тіл-ұлттық қазына» қоғамдық қоры, «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы», сонымен қатар «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығы және басқа да көптеген әріптес ұйымдар үлкен үлес қосты. 

 Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мұндай көлемдегі ауқымды  концерттік бағдарламаны ешкім ұйымдастырмаған деседі журналистер қауымы. Кәсіби мерекені көркем түрде өткізген Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясының заңды тұлғалар бірлестігіне «қалам және микрофон» иелері дән риза болды.

 

www.zharyk.kz