11 Мамыр 2024

Когалымдағы (Ханты-Мансийск) әлемдік соты «Иегова куәгерлері» сектасының жолын қуушы Наталья Подложевичке өз ұлына қан құюға рұқсат бермегені үшін үкім шығарды. Ал бала сол себептен көз жұмды.

Әйел РФ Қылмыстық Кодексінің 125 бабына сәйкес айыпты деп танылды және 5 мың рубльге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Ханты-Мансийск автономдық округі прокуратурасының баспасөз-қызметі.

Тергеу мәліметі бойынша, 2010 жылдың 3 ақпанында Когалым қалалық ауруханасының педиатриялық бөліміне ауыр жағдайда бес жасар бала келіп түскен. Оның өмірін донорлық қанды құю арқылы құтқару мүмкін еді.

«Алайда кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы медицина қызметкерлерінен баланың жағдайы жөнінде және қан құю қажеттігі жөнніде нақты ақпаратты алып, сонымен қатар теріс салдарын біле отыра, өзінің діни нанымдарына сүйеніп, өан құюдан бас тартты. Соның салдарынан 2010 жылдың 5 ақпанында бала қайтыс болды», - деп атап өтеді прокуратура.

«Седмица» – 03.02.2011.

Деструктивті діндердің қылмыстық сипаты өзінің негізгі бөлігінде жақсы жасырылған және кейде мынадай жағдайларда байқалады:

өзенге, балшыққа батыру және отқа өртеу жолдары арқылы 1931-1935 жылдары Кировск өлкесінде Христофор (Зырянов Х.И.) сектасының 60-қа жақтаушысы өлтірілді.

1966 жылы Швейцарияда діни жолдағы жас қыздың бойынан «шайтанды қуып шығаруды» қалап, айуандықпен өлтірді.

«Анада Марга» сектасының лаңкестік әрекеттері: 1972 жылы «Анада-Марга» Үндістанның аумағында өздерінің бұрынғы жақтаушыларын көзін жойып және бірқатар саяси көшбасшыларды (оның үстіне үндістандық арнайы қызмет секта жетекшілігінің АҚШ-тың орталық барлау қызметімен байланысы бар екендігін және АҚШ-тың арнайы қызметінен айтарлықтай қаржылық көмек алып отырғандығын мәлімдеді).

1978 жылдың 2 қазанында «Ананда Марга» жақтаушысы – Сиднейдегі медицина студенті, Линетта Филлипс - Женевадағы БҰҰ бөлімінің ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберді.

1970 жылдардың аяғында «Ананда Марга» жақтаушылар Эрик Рупперт (24 жас) және Гельмут Кляйнкнехт (28 жас) берлин шіркеу алдында өздерін өртеп жіберді.

1970 жылдардың ортасында қауымды тастап кетуді шешкен «Ананда Марга» сектасының 18 бұрынғы мүшесін, діни қауымдастықтың көшбасшысы Саркардың бұйрығы бойынша өлтірілді. (1978 жылдың 2 тамызында Саркар «әйел» түрмеден босап шықты, ол бұл жақта аталмыш өлімге қатысы бар деп айыпталған еді);

80 жылдары осы жағдайға ұқсас Раджнишпурам (Үндістандағы діни қызмет орталығы) ауданының Бхагвана Раджниш қауымының жақтаушылары өлтірілді.

Чарльз Мэнсон ісі – 13 адам тұратын «Шіркеу ібілстері» бөлімшесінің жетекшісі, өзінің тәрбиеленушілерінің көмегімен 1972 жылы кинорежиссер Роман Поланскидің саяжайында актриса Шарон Тейт (ол 9 айлық жүктілікте болды) және оның достарын өлтірді; полиция қылмыс діни сипатта болды деп бекітті, өйткені ғимараттың қабырғасыда діни суреттер қалдырылған – жекелей алғанда христиандық крестер мен пентаграммалар төңкерілген; американдық қоғамның Мэнсонды дарға асуын талап еткенімен, Калифорния штатының соты ібілістің жолын қуушыға рақымшылық жасады, оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, Сакраментоға жақын жердегі Вэксвилл қаласына жіберді.

1973 жылдың сәуірінде Флоридада 17 жастағы Росс Кочрен құрбандыққа шалу дәстүрі кезінде ібілістің жолын қуушыларымен өлтірілді. Айуандық соққы жығылған және зақымдалған Кочреннің денесі Дейтон-Бич (Флорида, АҚШ) қалашығына жақын маңда табылды; полицияның қорытындысы бойынша, Росс Кочрен ібілісшілердің құрбаны болған.

Интерполмен байланысты көздердің мәліметтері бойынша, 1989 жылдың ішінде және 1990 жылдардың алғашқы айларында Батыс Еуропа, АҚШ және Канада да ібіліске табынушылыққа байланысты секталарда 100-ден астам адам өлтірілді.

1970 жылдардың ортасында Муна бірлестігінің шіркеуінің жақтаушыларының бірқатары өз-өзіне қол жұмсады, олардың ішінде Мунаның жолын қуушы – Патрик Эсно Францияда теңіз жағасынағы шөлді жерде өзін-өзі отқа өртеді.

1978 жылы 18 қарашада Гайананың Джонстаун қаласында - «Халықтық шіркеу» (көшбасшысы – Джим Джонс) сектасының 911 мүшесі қаза болды; Діни қауымдастық АҚШ-тың Индиана штатында құрылды, кейін Калифорниға өз қызметін ауыстырды, әріқарай – Гайанаға көшті; «Халықтық шіркеу» жақтаушылары цианды калийден тұратын «кун эйд» салқын сусынын ішті.

1985 жылы «сервайвалистер» (нақтырақ - «тірі қалатында», АҚШ-та 70 жылдардың аяғын мен 80 жылдардың басында құрылды, оған ядролық ақыр заманның алдында қорқыныш жаулап алған адамдар кірді).

1993 жылдың сәуір айында Вако қаласында (АҚШ, Техас штаты) «Маунт Кармел» (жақтаушылар бұл жерді «ақырзаман қонысы» деп атады) қожалығын басып кіруге әрекет етті. 1993 жылдың ақпанынан бері сол жаққа жайғасқан Дэвид Корештің «Давид бұтақтары» сектасының жақтаушылары ғимаратты өртеп, жаппай өз-өдерін отқа жақты. 95 адамның ішінен тек 8-і қалды, оның ішінде 25 бала өртеніп кетті, Д.Корештің бірнеше әйелдері мен балалары да болды.

1993 жылы Оптина шөлінде үш сопының діни өлімі орын алды; 1988 жылы діни жолдармен (қазіргі медициналық көзқарас тұрғысынан бұл – психикалық ауытқушылық) Орыс Православті шіркеуінің бірнеше көрнекті діни қызметкерлері өлтірілді.

1993 жылы РФ-да, жекелей алғанда Новгород облысында «Белые братства» қауымының жақтаушылары өз-өздеріне қол жұмсау толқынына барды.

1993 жылдың күзінде Киевте «Белые братства» ұйымдастырған тәртіпсіздіктен кейін, олар жаппай өздерін отқа өртеп жібере жаздады; Қорқынышты сот 24 қазанға жоспарланды, ал кейін 1993 жылдың 14 қарашасына көшірілді, бірақ бақытқа орай, Қорқынышты соттың басталғанын білдіретін – құдайды ғибадат ететін үлкен қанды шоу орын алмады. Басталар кезінде оқиғаның алдын алды, дегенмен қауымның жақтаушылар өлімге бір жақты көңіл күйде болды. Милиция сол кезде 616 адамды ұстады, 137-і күш көрсетуге қарсы наразыдық белгісі ретінде құрғақ ашаршылық жариялады.

1996 жылдың 11 наурызында Санкт-Петербург қаласының прокуратурасы Муна ұйымының қатынасына байланысты Қылмыстық Кодекстің 143-1 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұйымның жетекшілері жастарды тартады, психикалық зақымдануға алып келеді, оларды өздеріне бағынышты ете отырып, еркіндік тұлғасын басып-жаншиды.

1993-1994 жылдары «Күн шіркеуі» («Күн шіркеуі Ордені») сектасында Антихристі іске асыруды жария ету үшін 2 адам өз-өзіне қол жұмсауы және 3-н қауым салты бойынша өлтірілген белгілі болды, олардың ішінде кішкентай балаға да қол жұмсады.

«Күн шіркеуі»-нің («Күн шіркеуі Ордені») 16 жақтаушысы 1995 жылдың 22 желтоқсанында Францияның Альпі тауларында өз-өздерін өртеп жіберді, олардың ішінде жастары 2 ден 6-ға дейін 1 қыз және 2 бала болды.

1994 жылдың 4-5 қазанында жаппай кісі өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау «Күн шіркеуі» сектасының 2 швейцариялық елді-мекенінде (олардың бірі - Сальван) орын алды: полиция оқ жарақатын алған және бастарына полиэтиленді қапшық кигізген әрі өртелген денелерді тапты. Сонымен қатар бұл табынушылықтың негізін қалаушы, дәрігер-гомеопат Люк Журенің Монреаль (Канада) қаласының маңындағы пәтерден де табылды. Ол жақты өзі және бұл қауымның тағы бір жетекшісі - Жозеф Ди Мамбро да болды деген болжам жасалынды. Алайда, Канада да Журе қотқа өртенді деп айту нақты дәлелденбеді. Өйткені, табылған денелерден анықтау қиынға соқты (полиция тапқан айғақтардың ішінде «раушан және крест» жазуы мен діни алтарь болды, олар розенкрейцерлер ордені тобының бірі саналады).

1994 жылдың маусымында жапондық Нагано префектурасында Аум Синрике сектасы заринді (химиялық қоспа) іске асырған лаңкестік әрекеттен 7 адам қаза тапты. (қауым жетекшілерінің екеуі - Масами Цутия және Икуо Хаяши заринді лаңкестік әрекет үшін әзірлегендерін мойындады).

1995 жылдың 20 наурызында Аум Синрике сектасы токио метросында газды шабуыл жасады (12 адам қаза тауып, 5000 адам жараланды).

Таяу Шығыста (мысалы, ХАМАС және т.б. ұйымдар) бірқатар экстремистік саяси ұйымдардың діни сипаты өздерін жарып жіберетін лаңкес-камикадзелерді үзіліссіз дайындауын түсіндіреді.

1984 жылы Джордж отбасының Халықаралық Кришна санасы қоғамының қатынасы жазған талап арызы бойынша сот отырысы өтті. Олар кришна қоғамының кейбір жақтаушылары мен жетекшілерін Робин Джордждың бостандығын айырып, моральдық шығын келтіріп, анасы мен оның әрекетіне (әкесінің өлімін жақындаттырды) жала жапқаны үшін сотқа беруі олардың таққан айыбы негізді деген үкім шығумен аяқталды; 1986 жылы АҚШ-тың Нью-Вриндаван қаласында жергілікті кришна қоғамының жақтаушыларыына кісі өліміне қатысты айып тағылды; сонымен қатар күдік бұл бұл қауымның жетекшісі Бхактипаду мен оның ең жақын сыбайластарына да аударылды; оларға бірқатар қылмыс жасады деген айып тағылды. Сот отырысында олардың кейбіреулерінің айыптары тағылды; 1983-1986 жылдары жылдары жасалған қылмыстар, оның ішінде АҚШ-тың Нью-Вриндаван қаласында Халықаралық Кришна санасы қоғамының мүшелері Брайант пен Сент-Денисті жергілік кришна қауымының жетекшілері өлтірген; соынмен қатар, халықаралық кришна санасы қоғамының шетелдердегі мүшелерінің қаржылық алаяқтыққа, қоқан-лоқы көрсету, есіркті мен қару-жарақ саудасы және кісі өлімі бойынша көптеген қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі; кришналық балалр мектебімен байланысты дау-дамайлар белгілі, онда балалар (оның ішіде ер балалар да бар) мен әйелдер зорлауға қатысты деректер аз тіркелген жоқ.

1986 жылы Вильнюсте Абай Борубаев сектасының жолын қуушы, актер Толгат Нигматуллин өз қарым-қатынасын үзуге әрекетіне байланысты айуандықпен өлтірілді.

1996 жылы 49 жастағы француз, «Құдай балалары» сектасының мүшесі 19 жылға бас бостандығынан айырылды, ол өздерінің қыздарына қатысты азғындық әрекеті үшін сотталды; Ницца қаласының алқалы соты жеті баласының әкесіне айыпты үкім шығарды, олардың үшеуі қыз бала – бірнеше рет және жылдар бойы зорланған; оның 44 жастағы әйелі үш жылға бас бостандығынан айырылды, өйткені ол білгеніменғ жасалған қылмыс туралы тиісті орындарға жеткізбеген; әкесі қыздарына қатысты қылмысты 1984-1992 жылдары жасаған; олардың қазір ең үлкені 18-де, ал кішісі 14-т. Олар сотта талап арыз беруші ретінде шықты; қорғаушылар сектаның еркін төсек қатынасын насихаттауын қылмыстың бірі деп тапты; 90 жылдардағы полиция тергеуі бекіткедей, Ұлыбританиядағы «Құдай үйі» (Отбасы) сектасына он жылдық кезеңде шамамен тартылған 1000 балалардың зорлық-зомбылық салдары мен өмір сүру жағдайының нашарлығынан кем дегенде 116-сы өлген.

1994 жылдың 22 наурызында Новосібір облысының Бердск қаласында «Сахаджа-йога» қоғамының мүшесіне өзінің бір жарым жастағы қызын діни нанымдар бойынша құрбандық еткен; жергілікті қауымның жетекшілерімен қатынасынан кейін, әйел «тазарту» салтын орындайды. Ол бастапқыда қызын шнурмен тұгшықтыру әрекетін қолданады, әріқарай скальппен жүрегінің тұсынан 40 шақты соққы тастайды, кейін денені жәбірлейді; сот пен материалдар пайда болғаннан кейін, сектаның жақтаушылары өздерінің бұл өлімге қатысты емес екендіктерін мәлімдеді. Бұл сектаның мүшелері қылмыс орын алған пәтер мен қаза тапқан қыздың мәйітінде діни ғұрыптар өткізген.

1996 жылы Санкт-Петербург қаласынжа «Сахаджа-йога» сектасының жақтастары өздеріңн отқа жақты; «Сахаджа-йога» мүшелерінің өз ьбалаларын Үндістан мен Непалдағы «Сахаджа-мектептерінің» жабылуына жібергені де белгілі жағдай болды, ол жақта балалар тамақтанудағы мәжбүрлі шектеу мен жиі медитацияға байланысты психикалық зақымдануға ұшыраған.

1996 жылы Латвия 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні ауруханада көп қан жоғалтудан 17 жастағы «Иегова куәгерлері» сектасын ұстанушы қыз қайтыс болды; иеговашыл-анасы сектаның ілімінде тиым салынғандықтан, қызына қан құюға рұқсат бермеді.

Пассау қаласының (ГФР) отбасылық істер бойынша соты ажырасып кеткен әйелді ата-аналық құқынан айырды, ол бірнеше жылдардың ішінде өзінің бес жастағы ұлын жиі әрі негізссіз ұрып келген; сот анасының «Иегова куәгерлері» тобының мүшесі болғандығын дерекке алды. Анасы дұрыс деп санаған дене жарақаттары өз қауымының тәрбиесіндегі сенімдер мен әдістер бойынша жасалған.

1996 жылдың 23 қыркүйегінде британдық радионың хабарлауы бойынша, 19 жастағы нидерландиялық қыз Эмилия Гротьестің ата-аналары Борнемоут қаласындағы емханада қан құюдан бас тартқан. Бұл оның өліміне әкеліп соқтырды; «Иегова куәгерлерінің» тағы бір құрбаны; Бұл сектаның мұндай бас тартуынан әлемде қаза табу жағдайы бойынша көптеген деректер тіркелді, әсіресе бұл босанған әйелдердің өміріне қауіпті.

1996 жылдың 5 маусымында Сургут қаласының прокуратурасы «Иегова куәгерлері» ұйымының жақтаушыларына қатысты 6 қылмыстық іс қозғады, оларды азаматтық бағынбаушыларға қатысты күш көрсетуге айыптады.

1996 жылдың 11 желтоқсанында «Мегаполис-экспресс» газеті «Иегова куәгерлері» мүшесінің қйымның жеке кассасын толтыру мақсатында жезөкшелікпен айналысқанын хабарлады, ал кейбір куәгерлер жеңгетьайлық танытқан; камчаткалық дәрігерлердің пікірі бойынша, бұл сектаның мүшелері сөз ауруларын таратуға үлкен үлес қосады екен... сапарлан оралған көптеген теңізшілер «Иегова куәгерлеріінің» мүшелерімен жақын қатынаста болғаннан кейін тері диспансерлігіне көмек сұрап баратын болған.

1996 жылдың күзінде үш апта ішінде Уганданың солтүстігінде афрохристикандық бағыттағы «Құдайдың қарсылық әскері» 170 бейбіт тұрғынды өлтірді.

1987-1988 жылдары оңтүстік кореялық «Агадонсан» («Балалар бағы») сектасының мүшелері бір баланы және ұйымның екі жақтаушысын өлтірді, олар сектаның жарияланған мақсатына күмән келтірген.

1993 жылы сабақ уақытында жоғарғы сынып оқшысына ұстазына пышақпен ұмтылған, кейін оның сөмкесінен балта мен жеке күнделік табылған, онда ібілістің белгілері мен жазулары шимайланған. Ол жанын ібіліске сатқан.

1995 жылы Красноярск өлкесіндегі Канск қаласында ібілісшілер 16 жасар қызды діни салт бойынша өлтірген.

1995 жылдың қазанында Брест қаласында ібілісшілер баланы салт бойынша құрбандықа шалған.

90 жылдардың басында Памирдегі шекара бекетінде өзін ібілсші санаған жедел қызметтегі сарбаз өз автоматынан барлық қызметтестеріне оқ жаудырған, оның автоматының серийлық нөмірі үш алтымен ақяталған.

90 жылдардың басында Волгоград қалоасыеда политехникалық университеттің студенті, өзін Алексей Кровавый деп атаған адам жасөспірімдерді тонау және өлтірумен айналысқан; «Корозия металла» тобының музыкасына әуестенген, топ өзінің әндерінеде күш көрсету және айуандықпен кісі өлтіруді мақтан етеді; төрт отбасының балалары оның құрбандарына айналды; оның күнделіктерінде көптеген ібіліске арналған кабалистикалық жазулар, баяндаулар мен уағыздар жазылған ("Православная Москва" №13, қазан 1994 жыл).

1996 жылдың 27 мамырында Санкт-Петербургте жас әйел 3 жасар ұлының көзінше өз-өзін өртеп жіберді («Петербург – 5 канал» телеарнасының ақпараттық бағдарламасыың хабарламасында оның сектаға белсенді қатысқандығы жөнінде мәліметтер келтірілді).

1996 жылы Санкт-Петербургте жас қызды ібілісшілер құрбагдыққа шалды.

1995 жылы Ивано-Франковскде молаларды қорлағаны үшін ібілісшілер қауымының үш жақтаушысы айыпталды.

1996 жылдың 23 шілдесінен 24 шілдесіне қараған түні Минскідегі Свято-Духова кафедральдық шіркеуін ібілісшілер қорлады, олар қара қызыл мозаикалық икондарды (Қасиетті Троицағ қасиетті Иоанна Предтечи, словендік ұстаздар Кирилл және Мефодий) бүлдіріп, антихрисиандық нышандардың жазуын қалдырды, олар христиандық жоюға қауіп төндіретін, қорлаушылық сөздерін қалдырған.

1996 жылдың қазанында Заславль қаласында ібілісшілер православті шіркеуді жағып жіберді.

1994 жылдың 28 сәуірінде Новосібір қаласында бұған дейін оккультизммен айналысып, ібілсшілердің діни дәстүрлерін жасаған 33 жастағы әйелді ібілісшілердің құрбандығына айналдырды.

1995 жылдың 12 маусымынжа Новосібір қаласында ібілісшілердің құрбандығына (қылмыскердің сотта жасаған мәлімдемесі бойынша) жеті жасар қыз ұшырады. Оның өлі денесін келеке етумен айналысқан; қылмыскер қара сиқырмен айналысып, өзін ібілістің жол қуушы санаған: қылмыстың мақсаты жоғарғы мүмкіндіктерді алу болған;

1996 жылдың 26 шілдесінде Новосібір қаласында бі күннің ішінде екі рет Ресей орталығының нысанын білдіретін Қасиетті Николай әулиенің кішкентай шіркеуін ібілістің жазуларын жазып, қорлаған.

1997 жылдың 13 мамырда Новосібірде сектанттықтардың мәселесі бойынша ақпараттық-сараптамалық орталықты орналастыруға арналған шіркеу ғимараты өртеніп, күзетші өлтіріп тастады; қылмыс ібілісші сектан мүшелерінің тарапынан православті шіркеуді өртеу қаупін бірнеше рет ескертумен қатар жүрді.

1996 жылдың 10 тамызында Ставропольде облыстық аурухананың аумағында Мәскеу Патриархы мен Барлық Русь Алексей ІІ-ні құрметтейтін екі метрлік крест отқа оранды.

1997 жылдың наурызында Калифорниядағы жеке виллада «Жоғарғы бұлақ» сектасының 18-72 жас аралығындағы мүшелері, 21 әйел мен 18 ер адам жаппай өз-өздеріне қол жұмсады; олар ұстаздарын Маршалл Эплуайттің бұйрығы бойынша бұл әрекетке барған, олар уланған шарапты ішіп, қайғылы төсек жаймасына оранып, керуетке жатқан.

1997 жылы мәскеуде Пасха түнінде Крылатскийдегі Қасиетті Богородица Рождества шіркеуінің қызметшісін ібілімшілер айуандықпен өлтірді.

«Совесткая Россия» (№ 22, 22 ақпан, 1997 жыл) газетінің хабарлауынша, 1996 жылдың аяғы мен 1997 жылдың басында Тюмень және Тюмень облыстарында 30 жуық жасөспірімді асу арқылы діни салтты өлтіру сериялары орын алған.

1977 жылы АҚШ-та сайентологиялық тыңшылардығ әскер, флот, кеден қызметі, АҚШ-тың Сот палатасы мен әділет басқармасына тиісті үкімет құжаттарын ұрлау дерегі ашылды; 1997 жылы Лос-Анджелес пен Вашингтондағы федеральді тергеу бюросы сайентологияның он бір жетекшісін әртүрлі түрме жазасына кесуге алып келді. Оның ішінде «Сайентология бақылаушысы» Мэри Сью Хаббард – сайентологияның негізін қалаушының әйелі бар және ол оның мұрагері саналады; Хаббардың атының өзі 40 адамнан тұратын сотталмаған қастандық жасаушылардың тізіміне қосылды; қастандық жасаушыларға бұзу және ену, бұзу арқылы ұрлау, үкіметтік мекемелерде тыңдайтын аппараттар ұйымдастыруғ ондаған бет үкіметтіе құжаттарды ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, үкімет құжаттарының жалған нұсқасын әзірлеу, айғақтарды жою және бұрмалау, куәгерлерді жалған түсінік беруге үйрету және адамдарды ұрлау айыптары тағылды; сайентологтардың көпшілігі, оның ішінде Мэри Сью Хаббард, 200 беттен тұратын «даусыз айғақтарды мойындауға» және рақымшылық ету өтінішіне қол қойды, олар ақпарат жинаудан бөлек, діни қауымға қарсылардың барлығына «құпия операциялар» жүргізгенін мойындады.

1978 жылы Францияда Рон Хаббард алаяқтығы үшін түрмеге қамалу және ақшалай айыппұл төлеу жазасын алады, бірақ елден қашу арқылы жазадан құтиылып кетеді; 1985 жылы АҚШ-тың ішкі тергеу қызметі Хаббардың қаржылық алаяқтығын тергейді; Хаббардты қылмыстық жазадан тек 1986 жылы «өлім» құтқарып қалды.

1990 жылы Францияда 30-ға жуық сайентологтар, олардың ішінде ұйым жетекшілері, заңсыз медицина тәжірибесі мен алдау-арбауға қатысты айыптар бойынша тұтқындалды.

1992 жылы Сайентология шіркеуі және оның үш тыңшысы Канадада сотталды.

1996 жылы гркекия соты 4200 шағым түскеннен кейін Афиныдағы сайентология ұйымын жапты; құжаттарды тінту барысында анықталған мәліметтер, 1993 жылы Грекияның барлау агенттігіне сайентологиялық агенттердің еніп кеткенін көрсетті.

1996 жылы Нью-Йорк (АҚШ) соты сайентологтардың «Тайм Мэгэзин» журналына қарсы талап арыздарын қабылдамады, олар сыншылдардың сайентологиялық қауымның лаңкес және қарақшы деген сөздеріне сілтеме жасаған еді.

1996 жылдың қазанында Францияның Марсель қаласында 3 сайентолог Лион процессінде куәгер-сарапшыға қысым көрсеткені үшін шартты түрде сотталды.

1996 жылдың қарашасында Францияның Лион қалалық соты француздық «сайентология шіркеуінің» бқрынғы басшысы Жан Жак Мазьені Патрик Виктің өліміне кінәлі деп тапты. Мазьенің «тазарту» процедурасына 30000 франк (6000 АҚШ доллары) төлегенінен кейін, терезеден лақтырып жіберген; Мазьемен қатар тағы 14 айыпталушы сотталды, олардың «сайентология шіркеуімен» байланыстары болған. Оларға тағылған айып ұрлықтан тікелей алаяқтық жасау.

1996 жылдың аяғында «Қорғаныс және қауіпсіздік» сериясында жарыққа РФ Мемлекеттік Думасының сараптамалық басқарма аппаратынығ сарапшылары дайындаған сараптамалық жаршы шықты. Ол «сайентология шіркеуі» және оның еншілес ұйымдары қызметінің аса қауіпті екенін ашып айтады.

1996 жылдың аяғында Германия үкіметі оқыту және кеңес берумен байланысты қызметтерге сайентологтарды жұмысқа қабылдауға шектеу енгізді.

1997 жылы Грекия үкімет елдің барлық аумағында «сайентология шіркеуінің» қызметіне тиым салды.

Швейцариялық Фрайбург кантонында 1944 жылғы «Күн шіркеуі» мүшелерінің өлімі мен өздеріне қол жұмсауына байланысты тергеу тоқтатылды. Кантон соты айыпталушылардың ешқайсысы тірі қалмады деген қорытындыға келді. 1944 жылы Фрайбург (Швейцария) маңындағы Валлис кантонында және Канадада «Күн шіркеуі»-нің 53 мүшесінің денесі табылған еді. Олардың көпшілігі уланған, кейбіреулері оқ жарақатын алған. 1996 жылдың қаңтарында Францияда тағы 16 дене табылды. 1997 жылы Сант-Казимирде (Канада) «Күн шіркеуінің» тағы 5 мүшесі қайтыс болды.

Мәскеулік федеральді қауіпсіздік қызметі басқармасының лаңкестікпен күрес ұызметінің жедел мәліметтері бойынша «Қара айдаһар» ібілісті сектасының бұрынғы көшбасшысы, мәскеулік әдебиет институтының 22 жастағы студенті Михаил Науменконы 1997 жылдан бастап бақылауда ұстады. Ол қала күні қарсаңында Мәскеудегі христиандық діни нысандарға қатысты лаңкестік әрекеттердің сериясын дайындауға күдікті деп танылды.

Мәскеу қаласындағы Хорошевский муниципаларалық халықтың сотының ар намыс, іскерлік абыройталап арызы бойынша шешімі және жалған мәліметтерді жоққа шығаруы. 1997 жылдың көктемінде Ириней Лионский атындағы (Мәскеулік Патриархаттың миссионерлік бөлімі) ақпараттық кеңес беру орталығының төрағасы А.Л.Дворкинге және Орыс Православті шіркеуінің діни білім беру және катехизация бөліміне қарсы бірнеше секта қарсы шығып, «Ар­ намысты және іскерлік абыройды қорғау» туралы сот процессі басталды. Талап арызға кітапша себеп болды. Оның атауы «Кездескен бейтанысқа он сұрақ немесе алдау арбауға түсуді қалайтындарға оқулық». Сол жылы кітапша Мәскеу Патриархатының діни білім беру және катехизация бөлімінде жарияланды. Бұл кітапшада деструктивті діни ұйымдарға тән кейбір сипаттар мен олардың дәстүрлі діни ұйымдар мен мәдениетті насихаттайтын діндерден негізгі айырмашылықтарына түсінік берілді. Талап арызды бастапқыда бұрынғы диссидент Глеб Якунин жазды, ол авторды Ресейде заңды тіркелген діни ұйымды «тоталитарлық секта» деп атағаны үшін айыптады. Талап арыз берушілердің қорғаушысы Галина Крылова болды. Ол бұған дейін сотта «Аум Синрикені», ал қазір CARP ті (яғни, муниттерді) Санкт Петербургтегі ата аналар комитетінің бастауымен, сот процестерінде қорғайды. Бір күні Крылова (Левинсонмен бірге) сайентологиялық ұйымдар кеңесі жетекшілерінің бірі деп жарияланған ақпарат бар. Нақтырақ айтсақ, ол – «Адам құқықтары бойынша халықаралық азаматтық комиссия». Кітапшаны жариялаған мәскеу Патриархатының діни білім беру және катехизация бөлімі және құқына ие Мәскеу Патриархатының баспа кеңесі кеңесші болып танылды. «Ар намыс және іскерлік абыройды қорғау» жөніндегі талап арызда кітапша діни ұйымдар үшін мазмұны және стилі жағынан қорлау деп аталған.

1999 жылдың қыркүйегінде Санкт Петербург қаласындағы мемлекеттік ішкі істер басқармасының қылмыстық іздеу бойынша жедел қызметкерлері «ібілісшілер» сектасының төрт мүшесін ұстады. Тыңшылар сектаны жақтаушылардың қолынан қаза тапқан 12 петербургтік туралы ақпаратқа ие болған. Алайда, кейбір мәліметтер бойынша, құрбандардың саны 40 адамға дейін жетуі ықтимал.

Якутск. 1999 жылдың 23 қарашасында Алдан (Якутия) қаласындағы неоелуіншілер діни сектасының бес мүшесі сотталды. Қалалық сот он жастағы баланы соққыға жыққаны үшін айыптады. Ауыр соққыдан бала қаза тапты. Тергеу барысында, секта мүшелері «тәрбиелеу мақсатында» өз балаларын ұрғаны анықталды. Таяқпен ұрған және аязда тұруға мәжбүрлеген. Балалардың біреуі, он жасар Миша Дулов ауыр соққыждан көз жұмды.

2000 жылдардың басында Мәскеуде жаңа ауыр қылмыс орын алды. Оны «Ресейдегі Кришна санасы қоғамының» көптеген мүшелері жасады. «Ресейдегі Кришна санасы қоғамы орталығының» мәскеулік ашрамында алты жылдан бері тұрған Николай Непочатов бір айдың ішінде он бір жасар қызды жиі зорлаған. Сектаның әдебиетін сатумен айналысқан он үш жастағы кришнаит 2000 жылдардың басында лық толы мәскеулік ашрамнан өздігімен бөлектенуге шешті және мүлдем кездейсоқ танысында қонуға рұқсат сұрады. Орта жастағы әйел қайырымдылықты уағыздаушыны жылы қарсы алды. Оның сөзінше, кришнаиттік басшылық алыс мәскеу түбіне көшуге жиналған, сондықтан өз үйінде өмір сүруді ұсынады. Жалғыз басты ана күні бойы жұмыстан босаған емес, мектептен кейін қызын ересек адам қарайтындығына қуанышты болды. Күндіз Николай көшеде әдебиет сатумен айналысқан, ал кешке кришнаизм даналықтарын белсенді түрде оқыған және оның қасына отырғызып қойған әрі әкесіз өскен қызды зорлап отырған. Үрейленген қыз ол жөнінде анасына айтпаған, тек лд кездейсоқ кришнаитті қылмыс орында ұстап алады. Педофил қыздың достарына да айуандық әрекеттерін белсенді көрсете бастаған. Қыз достарын көк түсті Кришна құдайының махаббат жолдары жөніндегі ақпараттарын тыңдауға шақырған.

2000 жылдың 20 наурызында Уганданың оңтүстік батысында бір діни сектаның 500 ге тарта мүшесі жаппай өздеріне қолжұмсады, елдің астанасы Кампалаға 320 шақырым жерде орналасқан Канунгу елді мекеніндегі шіркеу ғимаратында тірілей жанып кетті. Қаза тапқандардың арасында 11 баланың денесі табылған. Куәгерлердің сөзінше, ақырзаманның келуін уағыздаған «Құдайдың он уағызшысы» сектасының жүздеген мүшесін көрген. Олар ауылдың маңындағы шіркеу ғимаратына кірген және бірнеше сағаттан соң әндері мен дұғаларын айтып, үстеріне бензин шашып, өздерін жағып жіберген.

2000 жылдың 21 наурызындағы көктемгі күн мен түннің теңелуі қарсаңында үндістік Кришна құдайының табынушысы алыс Сібірдегі тура елді мекенінде орыс православінің дін қызметшісін өлтірді. Дін қызметшісі   иеромонах Григорий – 1997 жылдың 4 қарашасынан бастап Красноярск өлкесіндегі Эвенкийский ауданындағы Тура ауылының дұға оқитын үйдің уағызшысы болған. Эвенкийский ауданының ішкі істер басқармасының полковнигінің айтуынша, Роман Гаврилов (1973 жылы туылған) қолдан жасалған бізбен қаруланып, түнгі сағат үште Григорий әкейдің есігін қағады. Дін қызметшісі есікті ашқан кезде, қылмыскер бізбен оның жүрегіне және мойнына екі соққы тастайды. Григорий әкей құлаған кезде, Гаврилов жиналмалы пышақпен оның басын кесіп алған және сол сәтте пышағын сындырып алады. Әріқарай қылмыскер өлген дін қызметшісінің басын шіркеу ғимаратына алып келеді, тақтың айналасымен басты алып жүреді, тамшылаған қан шеңберді құрады, кейін Григорий әкейдің басын тақтың үстіне қояды. Григорий әкей қылмыскермен таныс болғандықтан есікті ашқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған дейін ол кришнаиттерге көмектескен, оларды жылы киіммен қамтыған. Бірнеше рет тамақтандырған және олармен әңгімелескен. Оларды адасқан өмірден бас тартуға көндіруге тырысыпты. Гавриловты тұтқынға алған кезде ол өзін Роман Хариевич Кришниец деп атаған. Қылмыскер жасаған қылмысын жасырмады. Бірінші тергеуде ақ ол өз құдайының бұйрығын орындағанын мойындады: Кришна оның түсіне енген және оның не істеу керектегін нақтылап түсіндірген.

2000 жылдың мамырында Аргентинада 50 жастағы ер азаматты екі қызы айуандықпен өлтірді. Олар ібілісті сектаның қатарында болған. Хуан Карлос Васкестің денесі жүзден астам пышақ сұғылған. Оның денесінің қасынан екі қызы табылды. 21 жастағы Сильвина және 29 жастағы Габриэль. Полиция олар қорқынышты қылмысқа барды деп бекітті. Полиция Васкестің үйіне кірген кезде, екі қыз да үрейлі жағдайда болған және қатты айқайға басқан: оның үстіне олардың біреуі ібілісті шақырып айқай салса, екіншісі ібіліс оның денесінен шықты деп айтқан. Полиция мәліметі бойынша, әкесі мен екі қызы «Трансмутация Алхимиялық орталығы» сектасында болған. Тергеу олардың үшеуінің де діни салтқа қатысқанын жоққа шығармайды. Оның құрбаны Васкестердің үлкені болды. Терең пышақ жарақатынан бөлек, өлген адамның денесіне әлдебір фигураны бейнелейтін кесілген жерлер анықталған. Қылмыс орын алған қонақ бөлмедегі барлық жиһаз бұрышқа жинастырылған. Қылмыс орнынан түсініксіз сұйықтығы бар ыдыстар мен «алхимиялық ғұрыптардың» кітаптары табылған. «Әзірге біз Васкестер үйінде не болғанын толық айта алмаймыз, өйткені екі әйелде қазір психиатрлық ауруханаға жатқызылған, оларды транквилизатор көмегімен қалыпқа келтіруге тырысып жатыр»,   деп хабарлады журналистерге полиция өкілі. Секталар мен діни қауымдарды зерттеумен айналысатын католиктік «Спес» қорымен әріптестікте жұмыс жасайтын психолог Хосе Мария Баамонденің сөзінше, қылмыскер мен құрбан болған адам құрамына кіретін «Трансмутацияның алхимиялық орталығы»   олардың көшбасшылары бекіткен, ежелге алхимиктердің мұра ретінде әртүрлі таңсық формулалар мен діни салттардың кейбір элементтерін құрастыру бойынша кең танымал болған ұйымдардың біріне жатады. Баамонденің айтуынша, кейбір белгілер шайтанның шақыртуын бейнелейді.

Новосібір облысының Горный жұмысшылар ауылында 2000 жылы пасха түнінде ібілісшілер салынып жатқан шіркеуді қорлаған. Шіркеудің қабырғаларында ібілісшілердің белгілері салынған, сонымен қатар қылмыс орнында төңкерілген және өртенген крест табылды.

2000 жылдың қаңтарында мәскеу түбіндегі Подольск ауданында төрт ібілісші 16 жастағы баланы құрбандыққа шалды. Оны крестке байлап қойып, тамырын үзіп, басын кесіп алған. Құрбандық шалғаннан кейін денеесін орманға апарып көміп тастаған.

1999 жылдың 19 қыркүйекте 17 жастағы Алексей Шевалдин мен 16 жастағы Евгений Платов «күшейтілген сиқырлы мүмкіндіктегі ғұрыптарын» жасап жатұан кезде, Илья Беловты өзінің пәтерінде өлтіріп тастады. Тізесімен тұрған жасөспірімнің ішіне пышақты екі рет сұғып алған, ал кейін діни пышақ қылышпен ұрған, әріқарай басын кесіп тастаған. Қылмыскерлер бұл жол арқылы шоқынудың келесі сатысына көтерілуді көздеген. Тергеу барысында, қылмыскерлердің үлкені Шевалдиннің ұстазы нижегородтық емхананың терапевт дәрігері Дмитрий Шубин болғаны анықталды. Ол Шевалдинді ібіліске шоқындырып, діни әрекеттердің салтын түсіндірген.

2001 жылдың сәуірінде Кемерово облыстық соты өздерін ібілстің табынушылары ретінде көрсеткен Кемеровоның үш тұрғынына үкім шығарды. Оңбағандардың қолынан 16 жасар оқушы қыз азаптанып қайтыс болды, ал әрең қашып құтылған оның досы өмір бойына рухани және дене жарақатын алды.

2001 жылдың 27 ақпанында Қытай тиым салынған «Фалуньгун» сектасын 1660 адамның өліміне айыптады. Бұл санды Пекинде өткен баспасөз мәслихатында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы діни істер бойынша канцелярий өкілі Лю Цзин атады. Оның сөзінше, 1999 жылдың шілдесінде сектаға тиым салғанға дейін оның 139 жақтаушысы жетістікке жету мақсатында өздеріне қол жұмсаған. Бұл қадамға «Фалуньгун» жетекшісі Ли Хунчжи шаұырған. Тағы 103 і нирванаға көшу үшін, суицидке жүгінген. Олардың көпшілігі өз отбасының мүшелерін өлтірген. Өлгендердің қалғаны медициналық көмектен бас тартқан, олар цигун жүйесі бойынша емделу әдісін пайдалануды жөн санаған. ҚХР «деструктивті секта» саналатын «Фалуньгун» қазіргі уақытта Қытай мен АҚШ арасында адам құқықтары бойынша тартыстың ортасында қалды. Ол жақта бұрынғы қытайлық әскери   Ли Хунчжи1993 жылдан бастап тұрады.

2002 жылдың 5 наурызында (IRIN) – Кениялық полиция елдің астанасы Найробидің солтүстігінде шабуыл жасаған қылмыскерлерді анықтау және сотқа беру операциясын жүргізді. 300 жас адамнан тұратын жергілікті «Mungiki» сектасының тобы мачетамен ұаруланып 23 адамды өлтірген және тағы 28 адам ауруханаға ауыр жарақаттармен түскен. Қақтығыс заңсыз секта мен жергілікті халық арасында болған.

«Agnuz» агенттігінің хабарлауынша кениялық Накуру епархиясының католиктік епископы Петер Каиро елде «Мунгики» сектасының өкілдерімен жаппай қырып жою болғанын айтады. 20 дан астам адам сектанттардың құрбанына айналды. 5 қаңтар күні кешке 15 адам Накуру қаласында және бір адам Муранге қаласында өлтірілген. Әріқарай тағы да жеті адамның денесі табылыпты. Үкімет пен сектанттар арасындағы алауыздық қатал қақтығыстарды тудырған. Тәртіпсіздік 4 қаңтар күні Накуру тұрғындарының такси қызметінен бас тартуынан басталды. Олар бұл қызмет елдегі «Мунгики» саяси діни сектасына тиесілі екендігінен қорықты. Епископтың сөзінше, олармен қақтығыста кінәсіз адамдар зардап шеккен. Бір сөзбен айтқанда, епископ жағдайдың нашар екендігін баяндап берді. Жергілікті полицияның хабарлауынша, полиция Накуру қаласындағы парламенттің бұрын,ы мүшесі Дэвид Маньяруді және бизнесмен Закайо Майнаны кісі өліміне қатысты деп қамауға алған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда ол саяси сипатқа ие болмақ. Шабуылға шыққандар бұл жол арқылы Кения ұлттық одағындағы сайлау кезінде жоғалтқан орындарының орнын толтыруды көздесе керек. сол кезде полиция 47 сектантты тұтқындады. «Мунгики» сектасының қызметі өткен жылдың наурызында, сектан мүшелерінің Кения астанасы Найробиде 21 адамды өлтіргеннен кейін тиым салынды. Африканың католиктік ақпараттық қызметінің хабарлауынша, тек қана Мангикиде 17 ге тарта секта жасақтары бар, олар күш көрсету жолымен кикуйу тайпасының өкілдерін дәстүрлі сенімге қайтып алуды көздейді. Мекта мүшелері Ұлттық одақта өз үміткерлерін өткізуді ашық мәлімдеді. «Agnuz» агенттігі, 8 қаңтар, 2003 жыл.





Менің қысымым жоғары болды, мен емшіге баруды жөн санадым. Ол гипноз арқылы баспанамды сатуды және ақшаны беруге көндірді, - дейді зейнеткер Меруерт Ермұханова.

Менің басым қатты ауырды және қысымым жоғары болды, - деп әңгімелейді 60 жастағы Меруерт Ермұханова. - Дәрі-дәрмек көмектеспеді. 2002 жылы мен емші Жамаладдин бабаның қабылдауында бодым. Ол өзі ата-бабасының 20 ұрпағы адамдарды емдегенін айтты. Оның әр қабылдауы 500 теңге тұрды. Мен жедел-жәрдем ауруханасында медбике болып жұмыс жасадым. Менің Ақтөбеде туысқандарым жоқ. Мен бұл жаққа 1979 жылы Оралдан көшіп келдім. Отбасын құрмадым, балаларым жоқ. Ақтөбеге көшіп келгеннен кейін баспана кезегіне тұрдым. 1987 жылы медицина қызметкері ретінде қалалық сүт зауыты ауданынан бір бөлмелі пәтерге ие болдым. Жамаладдин менімен жақсы араласты, біз туысқан сияқты болдық. Ол менің ұлым сиқяты болар еді, 1970 жылғы жігіт. Біз достастық. Жамаладдин 12 ықшам ауданында салынып жатырған коттедждің құрылысына ақша жетпейді деп мұңын шағады. Сосын келісімге бардық. Мен қалалық сүт зауыты ауданындағы пәтерімді сатып, ақшаны оған беретін болдым. Ол үйін тұрғызып, оны тиімді бағаға сату арқылы маған жедел жәрдем ауруханасы ауданы маңынан бір бөлмелі пәтер алып беруді ұсынды. Мен келістім. Жалғыз баспанамды 232 мың теңгеге саттым. 2002 жылы бұл шамамен екі мың АҚШ доллары болды және оны емшіге апарып бердім. Сол кезде мен қолхат беруді сұрадым, Жамаладдин күліп жіберді: «Мен емшімін, қолыма Құран ұстаймын. Қандай алдау болуы мүмкін?». Мен сеніп, қолымдағы бар ақшаны бердім. 2003 жылы ол үйін салып бітірді. Сатып алушыларды тапқанынша, маған үйдің 1-қабатында орналасуды ұсынды. Мен келістім. Кейін оның Өзбекстаннан тума-туысқандары келді, менің өолыма бір шабадан беріп, көшеге қуып шықты. Тапқанымнан тоңазытқыш пен теледидарды алып үлгердім. Жиһаз бен заттарымның бөлігі коттедже қалды. Жамаладдин туысқандары полицияға шағым түсірсем, мені өлтіретіндіктерін айтып қорқытты. Мен Оралдағы ағаларыма шағым айттым. Олар келді, ренжіткен адамды тауып алды. Ол ақша немесе пәтерді қайтарып беруге уәде етті, бірақ қолхат бермеді. Сол уақыттан бері 8 жыл өтті. Ал мен әлі күнге дейін жетім бұрышты жағалап жүрмін. 2011 жылдың басында зейнеткерлікке шықтым, енді баспананы жалға алу тым қиын.

2004 жылы Меруерт Ермұханова полицияға арыз түсіреді. Істі қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты жауып тастайды. Әйел адам ақша беру дерегін дәлелдей алмайды.

Мен ақша алып келген кезде, оның жанында ешкім болмады, - дейді Меруерт Ермұханов. - емші келісім жөнінде ешкімге айтпауды сұрады. Мені мұндай ақымақтыққа қалай көндіргенін білмеймін, мүмкін мен гипнозда болған шығармын.

Медбике корреспондентке Жамаладддиннің 6 телефон нөмірін берді, алайда бірде бір нөмір арқылы оны табу мүмкін болмады. 2004 жылдардағы мұрағат газет терден біз Әбдіғани Аймағанбетовтың мақаласын таптық. «Ақтөбе» газетінде автор Темір ауданының Қайыңда ауылының тұрғындарының шағымын жазады. Олар адамдарды емдеуге келген Жамаладдинге наразылықтарын білдірген. Газеттің баяндауынша, емшінің алдына келер кезде денедегі барлық түкіт қырып тастау керек болыпты. Жамаладдин адамдардың алдына суға толы шелекті қойып, сұйықтық Алланың әмірі бойынша пайда болды деп мәлімдеген. Адамдар суды кесемен алып, ішіп отырған. Келесі күні емшіге асқазаны ауыратын әйел келген. Емші бұл жағдайға таң қалуға болмайды, өйткені құдықтағы су лас деп жауап берген.

Ақтөбе қаласында тіркелген 21 емшінің ішінде Жамаладдиннің фамилиясы да бар. Алайда оның тұратын және емдеу жасайтын орны көрсетілмеген. Тағы 13 емшінің тұрғылықты жері анықталмаған.

2000 жылдардың басында біз Жамаладдин деген кісіге дәстүрлі емес медицинамен емдеге лицензия бердік, - деп дәлелдей түсті облыстық денсаулық сақтау басқармасы. - қазір олардың жұмысын медициналық қызметтің сапасын бақылайтын комитет қадағалайды.

Біз тек қана тұрғындардың жазбаша шағымдарынан кейін ғана емшілерге шара қолданамыз, - деп бекітеді медициналық қызмет сапасын бақылайтын комитеттің жетекшісі Рақымжан Арыстанов. – Адам өзін емдегенін, бұл ешөандай сауықтыру алып келмегенін немесе зиянын тигізгенін дәлелдеу керек. Бірақ, бұл жағдайда адамның емшілікпен айналысатындығын дәлелдеу қиын. Мысалы, біз екі жыл бұрын прокуратурамен бірге «Малышка» ауданында тұратын емшіні тексердік. Ол емшіге күніне 200-300 емші келеді екен. Біз келген кезде, емші туысқандары келгенін айтты. Оның үстіне біз емшіліктің ешқандай атрибуттарын таба алмадық: орамал, ыдыстағы су, әдебиеттер немесе шөптер. Ол тек адамдармен рухани әңгімелесті. Біз құр қол қайттық. Менің пікірімше, емшілердің көпшілігі – жай ғана алдаушылар. Суреттің көмегімен емдейді, телеофн арқылы ішімдікке салыну немесе ұрпақсыздықтан құтылады. Бізге бір әйел шағымданды. Емші оны жазып шығарғанына көндірген. Алайда ол әлі күнге дейін бала көтере алмай келеді. Адамдар өзгенің қайғысынан пайда табады. Емшілердің ем-домы нәтиже алып келмейді. Керісінше, адамдар уақытында емделмейді, дәрігерлерге аурудың асқынған түрінде қаралады. Жамаладдинді іздеу пайдысыз. Ондай адамдар қауіп жөнінде алғаш дабыл қаққан кезде жасырынып қалады.

Біздің облыстағы тәуіптер қадағаланбайды. Бақытқа орай, соңғы жылдар заңнама өзгерді. Бұрын барлық газеттер де дәстүрлі емес емделу жолдары жөнінде хабарландырулар болды. Енді жарнама агенттіктері емшілердің мәртбесіне дәлелдейтін құжаттарды талап етеді. Енді «көзді аламын» деген сияқты хабарландырулар газеттен жоқ болып кетті. Тәуіптер тұтынушылар автобус аялдамаларындағы хабарландыру немесе таныстары арқылы іздейді. Оларға ақша апарып беруді қаласаңдар – шешімге өздерің келіңдер. Айтпақшы, Меруерт Ермұханова өз науқасынан жазылмады.

Бір көрсеткіш

Ақтөбеде 21 емші тіркелген.

Маманның пікірі

Арақтың соңғы бөтелкесі

Алаяқтар, емшілер, саясаткерлер жүйкелі-лингвистикалық бағдарламалау деп аталатын жолдарды жетік игерген, - дейді дәрігер-психотерапевт, нарколог Дмитрий Островский. – Бұл мүмкіндіктер әңгімелесушіге әріптесінің психикасына ықпал ету үшін барлық жағдайды жасауға мүмкндік береді. Олар көздеріңе түңіле қарайды, сенің қолыңды ұзақ ұстап тұрады, әртүрлі мақтаулы марапаттар айтады. Мұндай әрекет адамның сенімін оятады. Мен көптеген емшілер мен бақсылардың құрбандарымен кездестім. Маған соңғы сегіз жылда ішімдіктен зардап шеккен ер азамат келді. Ол соңғы бес жылда тәуіптер де нәтижесіз емделгенін айтады. Бір емші оны қамшымен сабаса, екіншісі қолына бір бөтелке арақ беріп, оны күннің батуына дейін ішуге кеңес берген. Дуаланған бөтелке оның өміріндегі соңғысы болатындығын айтқан. Бірақ ештеңе көмектеспеді. Ер азамат тек қана уақытын жоғалтты. Көпшілігі алкоголизмді тек қана сендіру арқылы емдеу нәтижесіз деп санайды. Бұл кешенді және ұзақ мерзімді емдеулу. Науқас үшін бауырын, жүрегін, ойлау қабілеттерін қалыпқа келтіруі керек. Тек қан дәрі-дәрмекке айына 70 мың теңге кетеді.

«Шипагер» медициналық орталығы да емшілердің құрбандарымен кездескен. Зейнеткер сынықшыға шығып кеткен иығын емдеткен, енді бірнеше сериялы операцияға дайындалып жатыр.

Қолхаттың орнына Құранға бас иеді.

Ақтөбелік емші бір әйелден 5000 долларды алғаннан кейін жоқ болып кетті.

Полиция қызметкерлері біздің облыста Маңғыстаулық тұрғынға қатысты болған оқиғаны тергеп жатыр. Әйел газеттен ауыр сырқатты емддейтіндігі жөнінде хабарландыру көреді. Ол Ақтөбе тұрады. Анасы оның емдеуіне қызын алып келеді. Клиенттің қонатын жері болмаған, сондықтан ер адам оны өз пәтеріне уақытша қондырыпты.

Ол мемлекеттік мекемелерде танысы бар екенін айтады және Ақтөбеде төмен бағамен пәтер сатып алу беруге көмектеспек болады, - дейді полиция қызметкерлері. - әйел адам Құлсары қаласындағы баспанасын сатады. Емшіге 5 мың доллар беріп жібереді. Ер адам қол хат бермей, Құран алдында адалдығын айтады.

Бірнеше уақыттан кейін әйелге өз баспанасын босатуы сұрайды, ұялы телефонын сөндіріп, қашып кетеді. Ол тұрған пәтер жалға алынған болып шықты. Қазір емшінің қайда екені белгісіз. Оны іздеп жатыр.

Жалған емшілердің шырмауына түскендердің барлығын мына телефондарға қоңырау шалду сұрайды: 23-40-21, 72-95-16.

226 800 теңге – жалған емшіліктің айыппұлы

Заңсыз емдеу әкімшілік құқық жөніндегі кодекстің 322 бабының 4 тармағы бойынша 150 МРП-мен жазаланады. [226800 тенге. – авт.], – дейді Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі Абай Иманиязов. – Мұндай деректерді медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің инспекторлары қадағалауы тиіс.

Ақтөбедегі «бақсылық» хроникасы

2006 жыл мұнай және газ колледжінің залында «Эл-Аят» қоғамдық бірлестігі 100-ге жуық адамды жинады. Адамдар жаппай емшілік сеанстарға барды. Материалдарды сотқа беріп жіберді.

2006 жыл – сәттілік, табысты бизнес және көз алу тапсырмаларын Қандыағаштың бақсы берген. Оның дәстүрлі емес медицинамен айналысуға ешқандай медициналық білімі, лицензиясы, арнайы куәлігі болмады. Мұғалжар ауданының прокуратура өкілдері бақсыға әкімшілік құқық бұзу жөнінде іс қозғады. Сот оның 154 мың теңге айыппұл төлеуіне үкім шығарды. Сонымен қатар рұқсат құжаттарын алғанға дейін дәстүрлі емес медицинамен айналысуды тоқтатуға міндеттеді.

2007 жыл – тіркелмеген «Орда» қоғамдық бірлестігі үш мекен-жай бойынша жекелеген емдеу сеанстарын өткізді. «Орда» көшбасшыларында ешқандай рұқсат құжаты болмады. Кикілжің сот отырысымен аяқталды.

2008 жыл - «Познание» қоғамдық бірлігі емшілікпен айналысты. Олар адамдарды күн және тұз қосылған шай арқылы барлық аурулардан «емдеді». Бұл емдеу әдісін 1990 жылы ауыл шопыры Фархат Абдуллаев ойлап тапқан. Ол өзін «жер сыртындағы күштердің елшісі» деп жария етті. Құқық қорғау органдары талап арызбен қорқытты, кейін «Познание» ыдырады.

2009 жылы «Эл-Аят» қозғалысының жолын ұстанушылар адамдарды емдеуге уәде беру арқылы тартқан. Прокуратура, полиция және әділет қызметкерлері 2008 жылдың желтоқсанында Алматы сотының шешімімен Қазақстанда қозғалыстың қызметіне тиым салынғанын түсіндірді. «Эл-Аят» мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған және азаматтардың денсаулығына шынайы қауіп төндіреді, - деп көрсетілген сот шешімінде.

Бақсы баланы «емдей алмады»

12 жасар қыз жергілікті бақсының емдеу әрекетінен кейін реанимацияға түсті.

баланың ауыр сүйек сырқаттары болған, - дейді облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Аслан Ерғалиев. – Тиісті ем қолданылмаса, ауру оны құрбан етуі мүмкін. Қыздың анасы оны бес күн бақсыға емдеткен. Кейін бізге келді, бұл сәтке дейін қыздың қолы ісіп кеткен. Нәтижесінде бала реанимацияға түсті. Бізге дер уақытында келмегені үшін ауру созылмалы болуы мүмкін, өзге органдардың асқынуы орын алуы ықтимал. Сүйектері әлсірей бастайды. Біз барлық процедураны жасадық. Бірақ емдеу әріқарай жалғасып жатыр. Біз әртүрлі бақсыларға қаралмаңдар деп үнемі айтамыз. Бірақ оларға сенім артатын адамдар табылады.

Қазір 12 жасар Ақтоты өзін жақсы сезінеді.

Кызымыз ауырған кезде, біз бір емшіге қаралдық, - дейді қыздың анасы. Ол қыздың қолы шығып кеткенін айтты. Жарақат алған жерден қолымен жүріп өтіп, дуамен емдеді. Қызымыздың жағдайы нашарлай бастады. Мен Аслан Ерғалиевке, емдеген дәрігер Болат Медетбаевқа және барлық хирургиялық бөлімнің қызметкерлеріне қызымды құтқарғаны үшін алғысымды айтамын. Біз енді ешқашан бақсыларға емделмейміз.

Неліктен емшілерге қаралады?

Қайрат Мақымов, дизелист:

Емшілік 5 жыл бұрын кең танымал болды. Бүгінде сапалы медицинаны алу мүмкіндігі бар. Мен мұнай компаниясында жұмыс жасаймын, жеке емханада тегін көмек аламын. Бақсыларға сенбеймін, туысқандарымыз олардың көмегіне жүгінген кезде көмектеспеді.

Татьяна Валовенко, үй шаруасындағы әйел:

Халықтық медицина ресми көмексіз болған кезде қол ұшын беруі мүмкін. Емдеу қасиетіне ие адамдар бар.бірақ емшілердің арасында алдаушылар көп. Көмектесу мүмкіндігі елу де елу.

Сәуле Аятолина, менеджер:

Мен емшілерден қорқамын, оларда қара сиқырдың бір ұшқыны бар. Жеке медицинаға қаралған тиімді. Мемлекеттік емханада үлкен кезек, науқасқа деген назар аударылмайды. Бір күні рентгенге барып жарты күнімді жоғалттым.

Айдарбек Жабағиев, дәрігер-анестезиолог:

1991-1992 жылдары мен тобығымды сындырып алып, ауруханаға түстім. Мен 17 күннен кейін аяғымнан тұрып, жүріп кеттім. Ал палата бойынша көршілердің арасында бақсыдан кейін ауруы асқынған көптеген ер адамдар болды. Адамдар уақытын жоғалтады, ауруын асқындырып алады.

Александр Рязанов, бұрғылаушы:

Адамдар емдеу жөніндегі әртүрлі сиқырға сенеді және оларға барып емделеді. Ол мен тәуіптерге баруға кеңес бермеймін. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Дәрігер дәрі-дәрмек жазып береді. Сонымен қатар дәрігердің бақылауында шөптермен профилактика жасау пайдалы.

Татьяна ТОКАРЬ

Юрий ГЕЙСТ

«Диапозон», №10 (893), 10 наурыз 2011 жыл.

19 қаңтар күні Петербургте діни сенімдер бойынша өзін емдеуге мүмкіндік бермеген науқастың кезекті жабайы өлімі орын алды. Жоғарғы білімді 22 жастағы жас адам «Иегова куәгерлері» насихаттайтын діннің талаптарына жүгіне отырып, қан құбдан бас тартты.

Экстремизмге қарсы күрес бойынша орталық прокуратура мен тергеу комитетіне тиісті материалды жіберуге уәде етті, ал редакцияға марқұмның соңғы сөздері жазылған үнжазбасының мағынасы түсті.

«Орта ғасырда өмір сүріп жатқан жоқпыз...»

22 жастағы Виталий Бодин бірнеше күн бұрын ауыр диагнозбен жедел жәрдем арқылы И.П.Павлов атындағы мемлекеттік медициналық университетке түсті. Жас балаға қан құю қажет болды, алайда ол үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Ол дәрігерлерге «медициналық араласуға қатысты сенімхат пен разылығын білдірді», онда өз өкілі ретінде анасы («Иегова куәгерлерін» жақтаушы) және «Иегова куәгерлері» діни тобының жетекшісі Юрий Мельниковты көрсетті.

Мельников бүкіл уақыт бойы науқастың төсегінің қасында отырды және емделуде бас тарту шешіміне қолдау білдіріп отырды. Ол оның арты неге апарып соғатынын ескермеді. Оның үстіне науқас – жоғары білімді жас жігіт өзінің ұстанымында мығым тұрды. Дәрігерлердің айтуынша, ол өзінің шешімін өзгерту үшін қадам жасаған әкесі мен ағасына көнбеген.

Оның үстіне, науқасқа РФ ІІМ МБ-нің экстремизмге қарсы орталықтың қызметкерлері де келіп, оның сандырақтығына және мұндай әрекеттің қауіпті екенін сендіругі тырысып бақты. Бірақ ештеңеге қол жеткізе алмады.

«Э» орталығының қызметкерлері баспасөзге ресми хабар таратудан бас тартты. Үнтаспасыз, өзінің фамилиясын айтпаған офицер былай деді:

Жабайы оқиға, біз оны былай қалдыра алмаймыз. Жасөспірімді медициналық көмектен бас тартуға көндіріп баққан адамдардың әрекетінде айқын қылмыстық құрам жоқ, осыған байланысты қылмыстық белгілерді табуға рапорт жаза алмаймыз. Алайда біз прокуратура мен тергеу комитетіне жіберуге материал дайындап жатырмыз. Олар шешім қабылдасын, прокурорлық әрекет ету шараларын қолдансын. Заңнамалық бастама көтерсін. Олардың мұндай құқықтары бар. Біз орта ғасырда өмір сүріп жатырған жоқпыз. Мұндай жабайылықты тоқтату қажет...

Милицияда өз уақытында емдеуден бас тарту арқылы өмірден кеткен марқұмға соңғы сәтке дейін қолдау білдірген «Иегова куәгерлерінің» белсендісі – Юрий Мельниковұа да назар аударды. Бізге оның әрекеті жеке құқықтық баға алуы тиіс деп айтты.

Құдайды сатпау

Виталий Бодиннің өлімінен кейін бірнеше сағат өткен соң, аты-жөнін көрсетпеген адам редакцияға марқұмның соңғы сөздері жазылған үнжазбаның мағынас түсті. Болжам бойынша, Виталий өмір сүру үшін діни көзқарастардан бас тартуға көндіріп баққандарға өз ұстанымын түсіндірген.

Виталийдің әдеби нұсқадағы бірнеше сөздері (науқас ауыр жағдайда реаниацияда жатты):

«1996 жылы менің анам «Иегова куәгерлері» ұйымына қабылданды. 2010 жылдың көктемінде мен шоқынбаған Иегова куәгеріболдым және уағыз оқи бастадым. Осыған дейін мен анаммен бірге немесе жеке жиындарға қатыстым. Құдай жөнінде Тауратты оқи отырып, алған білімдердің арқасында бұл ақиқат және Құдай талап еткен қағидалармен өмір сүру қажет деген қорытындыға келдім. Егер маған қан құйса онла мен Құдайды сатып жіберетінімді білемін және әріқарай бұл оймен өмір сүре алмаймын. Мен Тихорецкий жиынына қатысамын. Юрий Мельниковты өзімнің досым және шіркеу бойынша ағам деп санаймын. Ол мен үшін алаңдайды, сол себепті ол ауруханаға келді. Мен дәрігерлерге ауру тарихында қан құюдан бас тарту жөнінде жазып бердім. Менің таңдауым саналы. Мені анам қолдайды, дегенмен ағам мен әкем қайғы шегеді, бірақ мен оның орнында болса, дәл осылай істер едім.

Мен 2011 жылдың жазына қарай жазда шоқынуға бел будым.

Иегованың кез келген куәгері менің орнымда осы қадамға барар еді...»

Иеговалық Петербург

Петербургте кезекті бұл оқиғаның пайда болуы кездейсоқ емес екендігін айту керек. Бұл қалада «Ресейдегі «Иегова куәгерлері» басқару орталығы» сәтті қызмет етіп келеді. Ол Петербургтің Курортный ауданының Солнечный поселкесінде орналасқан және үлкен аумақты алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын бір американдық азамат мемлекетттен бұл жерді сатып алды. Бұған дейін ол жақты жазғы балалар балабақшасы болған.

Бұл орталықтың мекен-жайына әртүрлі елдерден «Иегова куәгерлері» көзқарасын насихаттайтын көптеген әдебиеттердің жиынтығы келеді. Біздің мәліметтер бойынша, бұл әдебиеттер Петербургтен әріқарай Ресейдің және ТМД елдерінің өзге қалаларына таратылады.

Петербургтің өзінде қазір «Иегова куәгерлерінің» кем дегенде 6 діни тобы жұмыс жасайды. Олардың жақтаушылары тым көп. Өйткені бұл конфессия айтарлықтай миссионерлік белсенділігімен ерекшеленеді.



Құжаттама

Петербургтік дәрігерлер ауыр операция қажет болған жағдайда науқастың өз діни-нанымдарын алға қоя отыра, бас тарту әрекеттерімен айтарлықтай жиі кездесуге мәжбүр болып отыр. Мұндай науқастар «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшелері саналады.

Дәрігерлер мұндай жағдайда екі оттың арасында қалады: олар науқасқа өзінің немесе оның заңды өкілдерінсіз (егер науқас кәмелеттік жасқа толмаса) рұқсатынсыз қан құя алмайды. Бірақ науқасқа көмек көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Петербургте қалыптасқан тәжірибе бойынша дәрігерлер сотқа жүгінуіне тура келеді. Егер науқас кәмелеттік жасқа толмаса, онда дәрігерлерге пайдасына үкім шығады, ал егер кәмелеттік жасқа толса, онда науқастың пайдасына шешіледі.

Қарапайым сөзбен айтқанда, петербургтік соттар ата-аналарының діни көзқарастары олардың балаларының денсаулығына қауіп төндірмеу керек деп санайды, бірақ егер адам ересек болса, онда ол өзінің өмірі мен денсаулығына қатысты шешімдерді өзі қабылдауы тиі дедйі.

Мемлекет пен «Иегова куәгерлері» арасындағы қатынас бір жақты емес. Мысалы, осы жазда адам құқықтары бойынша Еуропалық сот Мәскеудегі «Иегова куәгерлері» қоғамын таратуды заңсыз деп танып, зардап шеккендерге 70 мың еуродан төлеуге міндеттеді. «Эхо Москвы»-дің хабарлауынша, «Иегова куәгерлері» ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі талап арызды 1995 жылы «Құтқару комитеті» үкіметтік емес ұйымы беріпті. 2001 жылдың наурызында Мәскеу аудандық соты діни қауымды таратып жіберді және оның қызметін тоқтатты. Ұйымды айыпты деп таныды жекелей алғанда діни ұйымға кәмелетттік жасқа толмағандарды ата-анасының рұқсатынсыз және өз еркіне қарамастан тартты деп кінә тақты. Алайда Страсбург соты тарату шешімі қажетті нақтты деректерге негізделмеген деп шешті.

Константин Шмелев



Page 2 of 2