29 Сәуір 2024

Гипноз арқылы пәтерін сатты

Rate this item
(0 votes)

Менің қысымым жоғары болды, мен емшіге баруды жөн санадым. Ол гипноз арқылы баспанамды сатуды және ақшаны беруге көндірді, - дейді зейнеткер Меруерт Ермұханова.

Менің басым қатты ауырды және қысымым жоғары болды, - деп әңгімелейді 60 жастағы Меруерт Ермұханова. - Дәрі-дәрмек көмектеспеді. 2002 жылы мен емші Жамаладдин бабаның қабылдауында бодым. Ол өзі ата-бабасының 20 ұрпағы адамдарды емдегенін айтты. Оның әр қабылдауы 500 теңге тұрды. Мен жедел-жәрдем ауруханасында медбике болып жұмыс жасадым. Менің Ақтөбеде туысқандарым жоқ. Мен бұл жаққа 1979 жылы Оралдан көшіп келдім. Отбасын құрмадым, балаларым жоқ. Ақтөбеге көшіп келгеннен кейін баспана кезегіне тұрдым. 1987 жылы медицина қызметкері ретінде қалалық сүт зауыты ауданынан бір бөлмелі пәтерге ие болдым. Жамаладдин менімен жақсы араласты, біз туысқан сияқты болдық. Ол менің ұлым сиқяты болар еді, 1970 жылғы жігіт. Біз достастық. Жамаладдин 12 ықшам ауданында салынып жатырған коттедждің құрылысына ақша жетпейді деп мұңын шағады. Сосын келісімге бардық. Мен қалалық сүт зауыты ауданындағы пәтерімді сатып, ақшаны оған беретін болдым. Ол үйін тұрғызып, оны тиімді бағаға сату арқылы маған жедел жәрдем ауруханасы ауданы маңынан бір бөлмелі пәтер алып беруді ұсынды. Мен келістім. Жалғыз баспанамды 232 мың теңгеге саттым. 2002 жылы бұл шамамен екі мың АҚШ доллары болды және оны емшіге апарып бердім. Сол кезде мен қолхат беруді сұрадым, Жамаладдин күліп жіберді: «Мен емшімін, қолыма Құран ұстаймын. Қандай алдау болуы мүмкін?». Мен сеніп, қолымдағы бар ақшаны бердім. 2003 жылы ол үйін салып бітірді. Сатып алушыларды тапқанынша, маған үйдің 1-қабатында орналасуды ұсынды. Мен келістім. Кейін оның Өзбекстаннан тума-туысқандары келді, менің өолыма бір шабадан беріп, көшеге қуып шықты. Тапқанымнан тоңазытқыш пен теледидарды алып үлгердім. Жиһаз бен заттарымның бөлігі коттедже қалды. Жамаладдин туысқандары полицияға шағым түсірсем, мені өлтіретіндіктерін айтып қорқытты. Мен Оралдағы ағаларыма шағым айттым. Олар келді, ренжіткен адамды тауып алды. Ол ақша немесе пәтерді қайтарып беруге уәде етті, бірақ қолхат бермеді. Сол уақыттан бері 8 жыл өтті. Ал мен әлі күнге дейін жетім бұрышты жағалап жүрмін. 2011 жылдың басында зейнеткерлікке шықтым, енді баспананы жалға алу тым қиын.

2004 жылы Меруерт Ермұханова полицияға арыз түсіреді. Істі қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты жауып тастайды. Әйел адам ақша беру дерегін дәлелдей алмайды.

Мен ақша алып келген кезде, оның жанында ешкім болмады, - дейді Меруерт Ермұханов. - емші келісім жөнінде ешкімге айтпауды сұрады. Мені мұндай ақымақтыққа қалай көндіргенін білмеймін, мүмкін мен гипнозда болған шығармын.

Медбике корреспондентке Жамаладддиннің 6 телефон нөмірін берді, алайда бірде бір нөмір арқылы оны табу мүмкін болмады. 2004 жылдардағы мұрағат газет терден біз Әбдіғани Аймағанбетовтың мақаласын таптық. «Ақтөбе» газетінде автор Темір ауданының Қайыңда ауылының тұрғындарының шағымын жазады. Олар адамдарды емдеуге келген Жамаладдинге наразылықтарын білдірген. Газеттің баяндауынша, емшінің алдына келер кезде денедегі барлық түкіт қырып тастау керек болыпты. Жамаладдин адамдардың алдына суға толы шелекті қойып, сұйықтық Алланың әмірі бойынша пайда болды деп мәлімдеген. Адамдар суды кесемен алып, ішіп отырған. Келесі күні емшіге асқазаны ауыратын әйел келген. Емші бұл жағдайға таң қалуға болмайды, өйткені құдықтағы су лас деп жауап берген.

Ақтөбе қаласында тіркелген 21 емшінің ішінде Жамаладдиннің фамилиясы да бар. Алайда оның тұратын және емдеу жасайтын орны көрсетілмеген. Тағы 13 емшінің тұрғылықты жері анықталмаған.

2000 жылдардың басында біз Жамаладдин деген кісіге дәстүрлі емес медицинамен емдеге лицензия бердік, - деп дәлелдей түсті облыстық денсаулық сақтау басқармасы. - қазір олардың жұмысын медициналық қызметтің сапасын бақылайтын комитет қадағалайды.

Біз тек қана тұрғындардың жазбаша шағымдарынан кейін ғана емшілерге шара қолданамыз, - деп бекітеді медициналық қызмет сапасын бақылайтын комитеттің жетекшісі Рақымжан Арыстанов. – Адам өзін емдегенін, бұл ешөандай сауықтыру алып келмегенін немесе зиянын тигізгенін дәлелдеу керек. Бірақ, бұл жағдайда адамның емшілікпен айналысатындығын дәлелдеу қиын. Мысалы, біз екі жыл бұрын прокуратурамен бірге «Малышка» ауданында тұратын емшіні тексердік. Ол емшіге күніне 200-300 емші келеді екен. Біз келген кезде, емші туысқандары келгенін айтты. Оның үстіне біз емшіліктің ешқандай атрибуттарын таба алмадық: орамал, ыдыстағы су, әдебиеттер немесе шөптер. Ол тек адамдармен рухани әңгімелесті. Біз құр қол қайттық. Менің пікірімше, емшілердің көпшілігі – жай ғана алдаушылар. Суреттің көмегімен емдейді, телеофн арқылы ішімдікке салыну немесе ұрпақсыздықтан құтылады. Бізге бір әйел шағымданды. Емші оны жазып шығарғанына көндірген. Алайда ол әлі күнге дейін бала көтере алмай келеді. Адамдар өзгенің қайғысынан пайда табады. Емшілердің ем-домы нәтиже алып келмейді. Керісінше, адамдар уақытында емделмейді, дәрігерлерге аурудың асқынған түрінде қаралады. Жамаладдинді іздеу пайдысыз. Ондай адамдар қауіп жөнінде алғаш дабыл қаққан кезде жасырынып қалады.

Біздің облыстағы тәуіптер қадағаланбайды. Бақытқа орай, соңғы жылдар заңнама өзгерді. Бұрын барлық газеттер де дәстүрлі емес емделу жолдары жөнінде хабарландырулар болды. Енді жарнама агенттіктері емшілердің мәртбесіне дәлелдейтін құжаттарды талап етеді. Енді «көзді аламын» деген сияқты хабарландырулар газеттен жоқ болып кетті. Тәуіптер тұтынушылар автобус аялдамаларындағы хабарландыру немесе таныстары арқылы іздейді. Оларға ақша апарып беруді қаласаңдар – шешімге өздерің келіңдер. Айтпақшы, Меруерт Ермұханова өз науқасынан жазылмады.

Бір көрсеткіш

Ақтөбеде 21 емші тіркелген.

Маманның пікірі

Арақтың соңғы бөтелкесі

Алаяқтар, емшілер, саясаткерлер жүйкелі-лингвистикалық бағдарламалау деп аталатын жолдарды жетік игерген, - дейді дәрігер-психотерапевт, нарколог Дмитрий Островский. – Бұл мүмкіндіктер әңгімелесушіге әріптесінің психикасына ықпал ету үшін барлық жағдайды жасауға мүмкндік береді. Олар көздеріңе түңіле қарайды, сенің қолыңды ұзақ ұстап тұрады, әртүрлі мақтаулы марапаттар айтады. Мұндай әрекет адамның сенімін оятады. Мен көптеген емшілер мен бақсылардың құрбандарымен кездестім. Маған соңғы сегіз жылда ішімдіктен зардап шеккен ер азамат келді. Ол соңғы бес жылда тәуіптер де нәтижесіз емделгенін айтады. Бір емші оны қамшымен сабаса, екіншісі қолына бір бөтелке арақ беріп, оны күннің батуына дейін ішуге кеңес берген. Дуаланған бөтелке оның өміріндегі соңғысы болатындығын айтқан. Бірақ ештеңе көмектеспеді. Ер азамат тек қана уақытын жоғалтты. Көпшілігі алкоголизмді тек қана сендіру арқылы емдеу нәтижесіз деп санайды. Бұл кешенді және ұзақ мерзімді емдеулу. Науқас үшін бауырын, жүрегін, ойлау қабілеттерін қалыпқа келтіруі керек. Тек қан дәрі-дәрмекке айына 70 мың теңге кетеді.

«Шипагер» медициналық орталығы да емшілердің құрбандарымен кездескен. Зейнеткер сынықшыға шығып кеткен иығын емдеткен, енді бірнеше сериялы операцияға дайындалып жатыр.

Қолхаттың орнына Құранға бас иеді.

Ақтөбелік емші бір әйелден 5000 долларды алғаннан кейін жоқ болып кетті.

Полиция қызметкерлері біздің облыста Маңғыстаулық тұрғынға қатысты болған оқиғаны тергеп жатыр. Әйел газеттен ауыр сырқатты емддейтіндігі жөнінде хабарландыру көреді. Ол Ақтөбе тұрады. Анасы оның емдеуіне қызын алып келеді. Клиенттің қонатын жері болмаған, сондықтан ер адам оны өз пәтеріне уақытша қондырыпты.

Ол мемлекеттік мекемелерде танысы бар екенін айтады және Ақтөбеде төмен бағамен пәтер сатып алу беруге көмектеспек болады, - дейді полиция қызметкерлері. - әйел адам Құлсары қаласындағы баспанасын сатады. Емшіге 5 мың доллар беріп жібереді. Ер адам қол хат бермей, Құран алдында адалдығын айтады.

Бірнеше уақыттан кейін әйелге өз баспанасын босатуы сұрайды, ұялы телефонын сөндіріп, қашып кетеді. Ол тұрған пәтер жалға алынған болып шықты. Қазір емшінің қайда екені белгісіз. Оны іздеп жатыр.

Жалған емшілердің шырмауына түскендердің барлығын мына телефондарға қоңырау шалду сұрайды: 23-40-21, 72-95-16.

226 800 теңге – жалған емшіліктің айыппұлы

Заңсыз емдеу әкімшілік құқық жөніндегі кодекстің 322 бабының 4 тармағы бойынша 150 МРП-мен жазаланады. [226800 тенге. – авт.], – дейді Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі Абай Иманиязов. – Мұндай деректерді медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің инспекторлары қадағалауы тиіс.

Ақтөбедегі «бақсылық» хроникасы

2006 жыл мұнай және газ колледжінің залында «Эл-Аят» қоғамдық бірлестігі 100-ге жуық адамды жинады. Адамдар жаппай емшілік сеанстарға барды. Материалдарды сотқа беріп жіберді.

2006 жыл – сәттілік, табысты бизнес және көз алу тапсырмаларын Қандыағаштың бақсы берген. Оның дәстүрлі емес медицинамен айналысуға ешқандай медициналық білімі, лицензиясы, арнайы куәлігі болмады. Мұғалжар ауданының прокуратура өкілдері бақсыға әкімшілік құқық бұзу жөнінде іс қозғады. Сот оның 154 мың теңге айыппұл төлеуіне үкім шығарды. Сонымен қатар рұқсат құжаттарын алғанға дейін дәстүрлі емес медицинамен айналысуды тоқтатуға міндеттеді.

2007 жыл – тіркелмеген «Орда» қоғамдық бірлестігі үш мекен-жай бойынша жекелеген емдеу сеанстарын өткізді. «Орда» көшбасшыларында ешқандай рұқсат құжаты болмады. Кикілжің сот отырысымен аяқталды.

2008 жыл - «Познание» қоғамдық бірлігі емшілікпен айналысты. Олар адамдарды күн және тұз қосылған шай арқылы барлық аурулардан «емдеді». Бұл емдеу әдісін 1990 жылы ауыл шопыры Фархат Абдуллаев ойлап тапқан. Ол өзін «жер сыртындағы күштердің елшісі» деп жария етті. Құқық қорғау органдары талап арызбен қорқытты, кейін «Познание» ыдырады.

2009 жылы «Эл-Аят» қозғалысының жолын ұстанушылар адамдарды емдеуге уәде беру арқылы тартқан. Прокуратура, полиция және әділет қызметкерлері 2008 жылдың желтоқсанында Алматы сотының шешімімен Қазақстанда қозғалыстың қызметіне тиым салынғанын түсіндірді. «Эл-Аят» мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған және азаматтардың денсаулығына шынайы қауіп төндіреді, - деп көрсетілген сот шешімінде.

Бақсы баланы «емдей алмады»

12 жасар қыз жергілікті бақсының емдеу әрекетінен кейін реанимацияға түсті.

баланың ауыр сүйек сырқаттары болған, - дейді облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Аслан Ерғалиев. – Тиісті ем қолданылмаса, ауру оны құрбан етуі мүмкін. Қыздың анасы оны бес күн бақсыға емдеткен. Кейін бізге келді, бұл сәтке дейін қыздың қолы ісіп кеткен. Нәтижесінде бала реанимацияға түсті. Бізге дер уақытында келмегені үшін ауру созылмалы болуы мүмкін, өзге органдардың асқынуы орын алуы ықтимал. Сүйектері әлсірей бастайды. Біз барлық процедураны жасадық. Бірақ емдеу әріқарай жалғасып жатыр. Біз әртүрлі бақсыларға қаралмаңдар деп үнемі айтамыз. Бірақ оларға сенім артатын адамдар табылады.

Қазір 12 жасар Ақтоты өзін жақсы сезінеді.

Кызымыз ауырған кезде, біз бір емшіге қаралдық, - дейді қыздың анасы. Ол қыздың қолы шығып кеткенін айтты. Жарақат алған жерден қолымен жүріп өтіп, дуамен емдеді. Қызымыздың жағдайы нашарлай бастады. Мен Аслан Ерғалиевке, емдеген дәрігер Болат Медетбаевқа және барлық хирургиялық бөлімнің қызметкерлеріне қызымды құтқарғаны үшін алғысымды айтамын. Біз енді ешқашан бақсыларға емделмейміз.

Неліктен емшілерге қаралады?

Қайрат Мақымов, дизелист:

Емшілік 5 жыл бұрын кең танымал болды. Бүгінде сапалы медицинаны алу мүмкіндігі бар. Мен мұнай компаниясында жұмыс жасаймын, жеке емханада тегін көмек аламын. Бақсыларға сенбеймін, туысқандарымыз олардың көмегіне жүгінген кезде көмектеспеді.

Татьяна Валовенко, үй шаруасындағы әйел:

Халықтық медицина ресми көмексіз болған кезде қол ұшын беруі мүмкін. Емдеу қасиетіне ие адамдар бар.бірақ емшілердің арасында алдаушылар көп. Көмектесу мүмкіндігі елу де елу.

Сәуле Аятолина, менеджер:

Мен емшілерден қорқамын, оларда қара сиқырдың бір ұшқыны бар. Жеке медицинаға қаралған тиімді. Мемлекеттік емханада үлкен кезек, науқасқа деген назар аударылмайды. Бір күні рентгенге барып жарты күнімді жоғалттым.

Айдарбек Жабағиев, дәрігер-анестезиолог:

1991-1992 жылдары мен тобығымды сындырып алып, ауруханаға түстім. Мен 17 күннен кейін аяғымнан тұрып, жүріп кеттім. Ал палата бойынша көршілердің арасында бақсыдан кейін ауруы асқынған көптеген ер адамдар болды. Адамдар уақытын жоғалтады, ауруын асқындырып алады.

Александр Рязанов, бұрғылаушы:

Адамдар емдеу жөніндегі әртүрлі сиқырға сенеді және оларға барып емделеді. Ол мен тәуіптерге баруға кеңес бермеймін. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Дәрігер дәрі-дәрмек жазып береді. Сонымен қатар дәрігердің бақылауында шөптермен профилактика жасау пайдалы.

Татьяна ТОКАРЬ

Юрий ГЕЙСТ

«Диапозон», №10 (893), 10 наурыз 2011 жыл.

Read 2512 times Last modified on Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2012 09:27