28 Наурыз 2024

Ханты-Мансийск автономдық округінде өз ұлын емдеуге рұқсат бермеген «Иегова куәгерінің» жолын қуушыға айыппұл салынды.

Rate this item
(0 votes)

Когалымдағы (Ханты-Мансийск) әлемдік соты «Иегова куәгерлері» сектасының жолын қуушы Наталья Подложевичке өз ұлына қан құюға рұқсат бермегені үшін үкім шығарды. Ал бала сол себептен көз жұмды.

Әйел РФ Қылмыстық Кодексінің 125 бабына сәйкес айыпты деп танылды және 5 мың рубльге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Ханты-Мансийск автономдық округі прокуратурасының баспасөз-қызметі.

Тергеу мәліметі бойынша, 2010 жылдың 3 ақпанында Когалым қалалық ауруханасының педиатриялық бөліміне ауыр жағдайда бес жасар бала келіп түскен. Оның өмірін донорлық қанды құю арқылы құтқару мүмкін еді.

«Алайда кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы медицина қызметкерлерінен баланың жағдайы жөнінде және қан құю қажеттігі жөнніде нақты ақпаратты алып, сонымен қатар теріс салдарын біле отыра, өзінің діни нанымдарына сүйеніп, өан құюдан бас тартты. Соның салдарынан 2010 жылдың 5 ақпанында бала қайтыс болды», - деп атап өтеді прокуратура.

«Седмица» – 03.02.2011.

Read 1285 times Last modified on Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2012 09:24