17 Мамыр 2024

Күдікті топтар мен жат ағымдардан арылу үшін кеңес

Rate this item
(0 votes)

  «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде Облыс тұрғындарының діни наным-сенім бостандығы мен құқығы саласында ақпараттық-консультативтік, заңгерлік, әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырып, дінаралық келісімді нығайтып, экстремизм көріністерін алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізіп келеді.

 Осындай мақсатпен орталықтың дінтанушы маманы Тыныштықов Асланбек Ақтөбе қаласындағы автожол колледжінде білім алушыларға деструктивті секталар мен жат ағымдардың әрекеттері туралы ақпарат беру үшін кездесті. Кездесуге аталмыш колледждің студенттерімен бірге социолог, психолог мамандар қатысты.

 Ойларын ашық ортаға салған студенттерге қажетті мәліметтер беріліп, орталықтың мамандары әзірленген бүктемелер таратылды.

Read 2331 times