30 Сәуір 2024

Бүгін Пайғамбарымыздың мүбәрак сақалы мүфтиятқа тапсырылады

Rate this item
(0 votes)

 Бүгін, 2013 жылдың 23 мамырында сағат 11:00-де Ақмола облысы Атбасар ауданында табылған Алланың соңғы Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жұпар иісті бір тал қара сақалын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстау рәсімі Атбасар орталық мешітінде өтеді.

Іс-шараға ҚМДБ басшылары, Ақмола облысы әкімшілігі және зиялы қауым өкілдері қатысады.

Пайғамбар (с.ғ.с.) сақалын сақтап келген Фатима әжеге пәтер кілтін наиб мүфти Серікбай қажы Ораз табыстайды.

Пайғамбарымыздың мүбәрак сақалын растайтын тарихи құжат

 Ғаламның нұры, жаратылыстың жауһары, махшар күні күнәһарлардың шапағатшысы Пайғамбардың, оған Алланың сансыз салауаты мен сәлемі болғай, жұпар мүбәрак бір тал қара иісті сақалы

Бисмилләһир-рахманир-рахим

Барлық мақтау Аллаға тән, барлық мақтау Құранды тарту еткен, өзімізді иманның тура жолына салған, Меккедегі Қағба Үйіне кеңшілігімен және игілігімен кіргізіп, қауіпсіз еткен һәм Аднан ұрпағының төресі, Пайғамбардың қабіріне, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, зиярат етуді нәсіп етіп, көңілімізді хош еткен Аллаға тән.

Алла Тағаладан өзімізді жұмақта біліміне амал ететін ғұламалармен бірге жинауын тілейміз. Алланың салауаты мен сәлемі ұлы мінезге ие еткен Елшісіне, оның әулетіне һәм сахабаларына болсын!

Дін мен міллет ғұламалары, ашық та айқын сүннеттің жақтаушылары!

Осман мемлекетінің қазынасына жататын Пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, осынау бір тал мүбәрак сақалын шейх Ахмадуддин һижри 1273 жылдың 12 мұхаррам күні (миләди 1856 жыл 12 қыркүйек) Мекке Мукаррама қаласы, Алла оның шарапатын арттырсын, мұсылман қауымының алдында Сәид Масғұд ибн Сәид Махмұдтан алды.

Ал Сәид Масғұд болса, осы бір тал мүбәрак сақалды 1267 жылы 18 шағбан күні (1849 жыл 9 шілде) Мекке Мукаррамада, Алла құрметін арттырсын, Мәдина Мүнәууараның тұрғыны Сәид Абдулла ибн Һашимнен алған.

Абдулла ибн Һашим осы бір тал мүбәрак сақалды 1265 жылы 14 шәууәл күні (1849 жыл 2 қыркүйек) Мекке Мукаррамада Сәид Асғад ибн Сәид Мұхаммедтен алған.

Алланың рахымына пақыр пенде (яғни Ахмадуддин) Осман мемлекет қазынасынан алған Пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, осынау бір тал мүбәрак сақалын 1257 жылы рамазан айының бесі күні Рум қаласында мұсылман жамағатының қатысуымен білімдар, тақуадар Рум Муфтиі Мулла Иуаз Мұхаммедке ризалығымен һәдия еткен.

Ал Мулла Иуаз Мұхаммед 1287 жылы сафар айының 8-і күні (1870 жыл 7 маусым) осынау бір тал мүбәрак сақалды Исламбул қаласында екі харамның қажысы Дамулла Рахманбердінің ұлы Мулла Абдулханифке табыстаған.

Мүбәрак сақал туралы ешқандай күмән, шүбә болмасын, иншалла. Бұхараға жеткен соң ғұламалары және жұрты оны растасын, ұлықтап, құрметтесін, қастерлесін!

Аталмыш келісім 1287 жылдың 11 сафар күні (1870 жыл 10 маусым) сүннет һәм құжат жолымен Рум қаласында орналасқан өзбек нақшыбандия тәкиясында жасалды. Бұл тәкия Бұхара шәриф жолаушыларының тоқтайтын мейманханасы. Оны салған шейх Қажыбай марқұм.

Қажы Иуртеке осынау бір тал мүбәрак сақалды шамамен миләди 1869 жылы алды.

Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында қажы Иуртеке қажыдан алдым. Алған адамның аты Бөкей қажы Сандыбайұлы.

Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды.

Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың февраль айы.

Құжаттағы мөрлер (солдан оңға қарай):

Мұхаммед Иуаздың мөрі

Абдулқаййум әл-Бұхари әл-Мәдәнидің мөрі

Мулла Абдулмәжидтің мөрі

Қажы Мұраттың мөрі

Қажы Арифтің мөрі

Абдулкаримнің мөрі

Қажы Әбул-хайыр Абдумунир әл-Мәдәнидің мөрі

Баубек Йуртекенің мөрі

Read 2344 times