30 Сәуір 2024

Павлодарда жат ағымға бет бұрған жастар көбейіп барады

Rate this item
(0 votes)

ПАВЛОДАР. Baq.kz -  Павлодар облысының жастары жат ағымның жетегінде кетіп барады, деп хабарлайды КТК. Қазірдің өзінде жүздеген қыз-жігіт протестанттық немесе басқа да миссонерлерден уағыз тыңдап, діни секталарға өтіп кеткен. Жағдайдың тым алаңдатарлық екенін облыс басшылары да мойындап отыр.

Өңірде әсіресе салафиттердің қарқыны күшті. Ислам атын жамылған осы жат ағымның арбауына негізінен оң-солын әлі ажырата қоймаған жастар түсіп жатыр. Мұндай қыз-жігіттердің барлығы дерлік тиісті орындардың тізіміне де ілігіп үлгеріпті. Сондықтан облыс басшылығы көрінгеннің айтағына ермес үшін алдымен жастардың діни сауатын жетілдіру керек деп отыр.

 

 

Read 2368 times