26 Сәуір 2024

Қазақстан мен Ақтөбе облысындағы діни бірлестіктер.

Rate this item
(0 votes)

Қазақстан зайырлы, демократиялық, поликонфессиялық және көп ұлтты мемлекет саналады. Бұл жақта әртүрлі этникалық және діни топтардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрады.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діндердің нағыз қайта өрлеуі орын алды. 18 жылдың ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсті. 1991 жылы 671 болса, 2009 жылы 4200-ден асып түсті.

Қазіргі таңда діни бірлестіктердің сан 4,5 мыңға жетті. Елде 3200 мешіт, шіркеу, ғибадатхана қызмет етеді.

Тіркелген бірлестіктердің ішінде дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар бар. Қазақстандағы дәстүрлі діндерге ислам (суннизм) және христандық (православие) жатады. Біздің қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие, сонымен қатар тарихи және этномәдени негізде қоғам мен мемлекет діндерді мойындаған. Дәстүрлі емес ағымдардың қатарына индуизм, буддизм және т.б. жатады. Сонымен қатар жаңа дәстүрлі емес қозғалыстар немесе 19-20 ғасырларда пайда болған ағымдар бар. Оларды кейбір ғалымдао 20-21 ғасырға жатқызады. Мысалы, Саентология, Кришна қоғамы, Шри Чинмой және басқалары.

Ақтөбе облысы бойынша ақпарат.

Ақтөбе облысының аумағында 35 діни бірлестік, 79 діни бірлестіктің филиалы және 1 «Қазақстандағы Библия қоғамының» қауымдастығы тіркелген. Олардың ішінде 84 мұсылмандық қауым, 7 православтық, 2 католиктік, 20 протестанттық, 1 иудеялық, 1 дәстүрлі емес («Кришнаның ақтөбелік қоғамы») бар.

Діни ғимараттардың жалпы саны 82. олардың 62-сі исламдық, 6-ы праволавтық, 12-сі протестанттық, 2-і католиктік. Қазіргі уақытта облыста 13 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында 10 дұға оқу бөлмелері (намазхана) бар.

Облыс аумағында 7 шетелдік миссионерлер тіркелген. Олардың 2-і Ақтөбе және Хромтау қалаларындағы римдік-католиктік қауымын ұсынады. Ақтөбе қаласы мен Мәртөк поселкесінде 2-і орыс православті шіркеуіжәне облыстық «Нұрғасыр» мешітінде 3-і бар. Олардың заңды бұзу деректері тіркелмеген.

2009 жылдан бастап «Нұрғасыр» облыстық мешітінде медресе (мемлекеттік лицензия № 0137342 29.12.2009 жылы берілген) қызмет етеді. Онда 17 шәкірт тәлім алады. Сонымен қатар, лицензиясы бар «Ақтөбе» қайырымдылық мекемесінде (пансионат) аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім балалар үшін мектептен тыс қазақ және өзге халықтардың тарихы, діні, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бойынша дәріс жүргізіледі. Сонымен қатар жекелеген мешіттер мен шіркеулерде Құран және Таураттың негіздерінде, сондай-ақ араб тілін оқытатын жексенбілік мектетер бар.



Read 2160 times