17 Мамыр 2024

Жат әрі жалған діни идеологияларға қарсы иммунитетті күшейту керек

Rate this item
(0 votes)

 Қазақстан жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дінді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Астанада өтіп жатқан «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты конференцияда сөз алған дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп осылай деді.

«Қазіргі қоғамдағы жағдай тұрғындардың жат әрі жалған діни идеологиялық «екпелерге» қарсы тұрақты иммунитетін күшейтетін дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды талап етіп отыр», – деген Қайрат Лама Шәріп барша қоғам мүшелерін, діни бірлестіктердің және этностық қауымдардың өкілдерін, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымды ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына, халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетін насихаттауға, радикалдық діни ағымдардың орынсыз шабуылдарынан діни негіздерді қорғауға бұдан да белсендірек қатысуға шақырды.

Оның айтуынша, қоғамның рухани өмірін арттырудағы маңызды міндет  – исламдағы ізгілікке, адамгершілікке баулитын, адалдық пен әділдікті насихаттайтын, өз еліне деген сүйіспеншілікке, халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелейтін шынайы құндылықтарды түсіндіру болып табылады.

Read 2570 times