28 Наурыз 2024

Әлдебір Евдокия Марченко құрған «Радастея» сектасының жаман атаққа ие болғанына көп уақыт болды (көптеген өзге секталарға тән).

Мәскеулік Эвелина Чепконың 10 жасар ұлының жоғалуына байланысты жеке тергеуін жүргізу үшін Оралға келді. Жерлеу рәсімінен кейін де оның құрбан болғанына сенбеді.

Қорқынышты қоңырау оларды түн ортасында оятты.

- Яролслав бақытсыз жағдайға ұшырады, - деп хабарлады Юлия Ивановна күйеу баласына. - Мені әуежайда күтіп алыңдар. Табыт үлкен, мырыштан жасалған.

Құты қашқан ата-аналары телефонда үндемей қатып қалды.

Үш апта бұрын олардың он жасар ұлы әжесімен бірге Мәскеуден Миассқа демалуға кетіп қалады. Юлия Ивановна Винникова балаға орал жеріндегі таза Тургояк көлі жөнінде айтып жүргеніне көп уақыт болды. Ол жақта уақыт тез өтеді және өзінің даму сатысымен тез көтерілуге болатындығын айтып келді. Бұл тірі зертхана, ол жақта Негізгі Сәулемен кездесу орын алады. «Радавита» орталығына Евдокия Марченко өз немересін алып келді және лагерьдегі демалыс үшін мың доллар төледі.

Олар барлық жақсы жаңалықты хабарлап Мәскеуге қоңырау шалады. Ал мүлдем жақында Эвелина ұлымен өзі тілдеседі. Ярослав анасына ритмология мен жүзуді үйреніп жатқанын айтады. Кенет:

Жоқ, олар бұл жағдайға сенгісі келмеді. Есінде телефонмен сөйлескен әңгімелерін сұрыптай отырып, әжесінің «ырғақтануы» қайтадан ұлғайып кетті, осы арқылы ол «есінен ауысты» деп шешті.

Бірақ таңертең әуежайда Эвелина дәнекерленген табытты қарсы алды.

Ярослав Чепконың өлімі алғашқы айқын белгі болды. Секта мүшелерінің талабы бойынша табытта жатқан баланы ашпай, кремациялаған. Қазіргі уақытқа дейін ата-аналары оның ішінде өздерінің ұлдары болғанына сенбеді.

Кейін бұл сектадағы «балалар лагерінде» бақытты бола алмаған тағы екі баланың жоғалғаны белгілі болды. Балалар жоғалып кетті. Ата-аналары балаларының немесе денесінің қайда екенін білмейді.

Балаларды Челябинск облысындағы қалалардың бірінде көргендігі жөнінде кейбір мәліметтер келіп түсті. Бірақ бұл тек сыпсың сөзден арыға аспады.

Кеше маған тағы бір жағдайдың орын алғандығы белгілі болды. 2000 жылы тағы бір бала із-түссіз жоғалды. Оның ата-аналары Кавказдық босқындар балаларын «керемет жабдықталған балалар санаторийіне» демалуға жібергендігін айтып түсіндіреді. Тексерген кезде ол «Радастея» сектасының фермасы, не ауылы болып шығады.

Үрейлендіретін жағдай, бірақ айқын дерек: бір уақытта, бір жерде және бір сектада тым шамамен жастары қарайлас төрт баланың жоғалады. Құқық қорғау органдары сылбырлық танытты. Қылмыс әлі күнге дейін ашылған жоқ.

Менің алдымда әбден қалжыраған жас әйел отыр. Эвелина өзінің жалғыз ұлы қаза тапқан жерді өз көзімен көру үшін Мәскеуден достарымен бірге келді. Онымен шындығына не болғанын білгісі келді, осы жазда, 13 шілде күні орын алған қайғылы оқиғаның куәгерлерін табуды көздеді. Қазір, үш ай өткеннен кейін бұл мықты әйел-дәрігер өз ұлы жөнінде айтқан кезде көзінен жас шығармайды. Ол барлық жағдайды егжейлі-тегжейлі еске түсіріп, оқиғаны сараптау үшін батылдығын бойына жинап алды. Бірақ ортақ картина қайта қалыпқа келмедә, бірақ қырық құраудың жеке бөліктерге бөлініп кету логикасына бой бермейді.

Анасы кеткеннен кейін Эвелина күйеуімен бірге анасының пәтеріне барды. Евдокия Марченконың «ырғақтары» кассеталары мен «радастеялық» әдебиеттердің ішінен әжесінің қызын әуежайда күтіп отырғанда оқыған кітабын тауып алады. Оның ішінде күдікті қағаз болды, онда санды есептер мен суреттер бейнелеген. Ұлының аты-жөні, туған күні ата-анасының назарын аударды. Әріқарай «әкесінің қаламаған ұлы», сандар, «Омега бойынша созылған сөздер», «крест-діңшелер» белгіленген. Бірақ оның айналасында салынған жанып жатқан діңшелер қатты таңданыс тудырған.

Ата-аналары бұл бұл діни суретті дінге жетекшілік ететін әртүрлі діни ұйымдарға апарады. «Радастеяны» сұрай отыра, олар ғарыштан шағылысатын жалаңаш денені, еркін әріптестік байланысты, психотропты, иландыру тәсілдерін естиді. Бірақ тіпті Федеральді қауіпсіздік қызметінің өзі оларға бұл ұйымның құрбандық шалу бойынша дерегі тіркелмегенін айтты. Әйтпесе, олардың бұл сұрақтарына дәстүрлі емес діндердің құрбандарын оңалту орталығының жетекшісі, дін қызметкері Олег (Стеняев) әрекет етер еді. «Пұтқа табынушылық қайта өрлеп барады, құрбандық шалу байырғы дәстүрлі салт », - деді ол. Ол үшін ең үздік, күнәсіз, жыныстық жетілуге дейінгілер таңдалады.

Он жыл өтті. Қазір құқық қорғау органдары ата-аналарына олардың балаларымен не болғандығын айтуы мүмкін.

Өйткені бұл сектаның құрбандарының тізімі толық еместігі айқын.

Қайғы хроникасы:

- 1999 жылдың 9 қыркүйегінде Белоярский су қоймасының ауданындағы орман алқабында Свердловск облысындағы Заречный қаласының 44 жастағы тұрғыны өз-өзін өртеп жіберді. Оқиға орнына келген криминалді милиция қызметкерлері оның сөмкесінен өлім алдындағы хатын және «Радастея»-ның негізін қалаушы Евдокия Марченконың кітабын тапқан.

- Бір жыл өткеннен кейін, 2000 жылдың тамызында Екатеринбургтегі биік ғимараттан «Радастея» ұйымының мүшесі секіріп өлді.

Екатеринбургтің психиатриялық ауруханасына жүйкесі айтарлықтай бұзылған екі науқас түсті. Екеуі де «Радастея» мүшелері.

- 1999 жылы Челябинск қаласының Металлургия ауданында екі жасөспірім суицидке әрекет жасады. Олар үстел үстіне Марченконың кітабын ашық күйінде қалдырған. Онда «Сен жасанды өлімге қара, Үн шығармай жаның тыныш кетеді, Гүл үшін құрбандыққа бара отыра, Сен жарықтың жанғанын естисің » деген жолдар жазылған.

«Радастея» халықаралық қоғамдық қор ретінде 1995 жылы тіркелген. Құрылған сәттен бастап, оның президенті Евдокия Марченко (Миасс қаласы) болды. Ол астрофизика мамандығын игерген, Орал мемлекеттік университетін тәмамдаған, зымыран орталығында еңбек еткен, ал кейін жеке «діні» - ритмологияны құрды. 50-ден астам кітап басып шығарды. Оның мазмұны – адамдардың санасына ырғақтар арқылы ықпал етуге болады, кеңістік пен уақытта орын алып жатырған оқиғаларға түзету енгізуге болады.

Қазіргі таңда «Радастея»-ның жүзден астам бөлімшесі Ресей, ТМД және алыс шетелдерде ашылған.





Published in Истории