20 Сәуір 2024

Өз-өзіме қол жұмсау жөніндегі ойлар мен елестерге мен қалай бардым?

Rate this item
(0 votes)

Мен «Радха Соами Сатсангх» / «Сант Мат – Шеберлер жолдары» / медитациясының тәжірибесімен айналыстым. Діни ұстасздың аты мен тұлғасы маңызды емес: қазір менің түсінігімше, мантраны қолданатын медитацияның барлық техникалары бір нәтижеге алып келеді. Мен әртүрлі ағымның көптеген «медитаторларымен» әңгімелестім. Барлығы бір нәтижеге қол жеткізді: ішкі жарықты көру (менің жағдайымда тіпті ішкі дыбысты, вибрацияны есту).

Мен бір жыл бойы медитация жасадым. Күніне төрт сағат бойы тапжылмай жаттығу жасадым. Яғни «рухани этикетикаға» берілдім. Мен негізінен идеалист болдым, сол кезде барлық ертегілерге сенуге тура келді. Медитация жасаушы адамға мантраны қайталауға және өз жағыңның ортасына (ол жерде «үшінші көз» бар – рухани әлемге шығатын жол) «жинақталуға» кеңес беріледі. Уақыт өте келе мен «ішкі жарықты» көруді үйрендім, аса үлкен жарық және күш, ақ, сарғылт, сары және т.б. Бұл жарықты көру уақытында мен өмірде толықтай ең бақытты жағдайда сезіндім; мен әлде бір «жақсы көретін негізді» немесе «жарықтан тұратын затты» сезіндім, ол мені қатты жақсы көрді, бұл өмірде мені ешкім олай жақсы көрмейтіндей көрінді.

Әріқарай (менің есім әріқарай ауыса бастады) мен «діни ұстазымның» жарқыраған бетін көрдім. «Таза жүрегімен және жақсы ниетімен» медитация жасайтын адам тезарада «ішкі ұстазбен» байланысқа түседі деп айтылды, ол оны Құдайға, «жанның отанына», біздің «түскен жаққа» апаратын болды. Мен өзімнің елесімде ұша бастадым. Мысалы, діни ұстаздың қолынан ұстап, мұхиттың жағасында тұру, ал оның ішінде су емес, жарық болды... Ол жақта бәрі жақсы, жазып жеткізе алмайсың және «ішкі ұстаз» әдемі әрі қайырымды көрінеді, сондықтан сөз жоқ...

Сондай-ақ мен балалық шағымды еске түсірдім, тіпті ұсақ-түйектерді толықтай еске алдым. Балабақшадағы құмда ойнаған кезде қандай киімде болғанымды елестеттім және бұл жарықты балалық шағымда көрдім, бірақ ол жылдармен бірге кетті. Әрине, сол кезде мені қатты толғандырды, менің бұл әрекетке деген сенім әріқарай арта түсті...

Ең бастысы, бір жылдық дәрістен кейін мен бірқалыпты өмір сүре алмадым, мен үшін жұмыста жинақталу қиынға соқты, бір нәрсені жасау мен үшін ауыр болды. Яғни, мен әрдайым сол жарықты көрдім. Ұстаздың сүйкімді беті немесе көзін елестеттім (оның үстіне, екеу емес, біреу). Қалай өмір сүруге болады? Ол өмірде бәрі жақсы, ал қазіргі заманда жұмыс жасауың керек, оның үстіне ешкім сені «жақсы көрмейді».

Медитациямен айналыса отырып, мен аөте жылауық (!) болдым (мен ересек адам, 90 келі салмағым бар, бірнеше жыл культуризммен айналыстым), кез келген лирикалық әуен мені көзімен жас шығаруға итермеледі, тек қана әуен емес, қараптан қарапта көзден жас ытқи берді. Бір нәрсе ұнамаса, біреу бірдеңе деп қалса болды мен ойға бататынмын; «Бұл қандай әлем өзі?». Медитация сияқты емес! Онымен салыстыруға да жатпайды...»

Ең қорқыныштысы – мен өз-өзіме жиі қол жұмсауды қаладым және бұл қалау аса күшті болды. Осы жерде мен өзімнен мүлдем қорқып кеттім. Мен баспалдақ арқылы үрейсіз көтеріле алмайтын болдым. Яғни, төмен қарай секіріп түсемін және бұл әлемдегі барлық бейнет аяқталады деп ойладым.

Барлық «иә» мен «жоқты» өлшей отыра, мен медитациямен айналысуды тоқтаттым.

Мен медитациямен айналыспағаныма тура бір жыл өтті... ол жаққа «шақыртуды» жиі аламын, өзіндік «өзгерістер» орын алады. Мен әртүрлі психологтар мен психотерапевтерге қаралуға талпындым; олар бұл туралы (жарық көру) ештеңе естімеген және білмейді, маған «алаңдауға» кеңес берді. Егер бұл жай ғана «алаңдау» болса, мысалы мен көк аспанда немесе жұлдызды аспанжа қаламын; мен бір сәтте екі әлемді көремін: біреуі – шынайы, екіншісі – оның қандай екенін ешкім білмейді. Айтпақшы, басқа әлемде айтарлықтай әдемірек және бақыттырақ. Бір сөзбен айтқанда, есірткі сияқты. Оның үстіне, мен нағыз есірткіні (мысалы, героин) қолданған адамдардың «ләззаты» бойынша медитацияның күшті екендігін айтқандарын оқыдым. Бұл жерде менің зәрем ұшты. Есірткіден бөлектенудің ауыр екенін білдім. Медициналық әдебиеттерден медитация кезіндегі «бақыт» бастағы мидің эндорфиндерін бөлетіндігін оқыдым. Медитация кезінде адамның миі аса қысымды жағдайда болады, мұндай күштерден соң бас қатты ауырады (менде бұл бір жылдың ішінде жиі орын алды, оның үстіне мен ешқашан бас ауруына шалдықпадым). Медитация кезінде ми клиникалық өлім жағдайында болады екен. Қанның келуі – нөл, яғни, ой болмайды, тек қана – мантра! Бастағы мидің қабығы алынады. Ми бір жерге «шоғырлануға» дағдыланбаған, ол қорғанады. Яғни, эндорфиндерін лақтырады (ал бұл «эндогенді морфий», есірткі!). Мен әрқашан «Құдайдың алдында» күн сайын ләззат ала алмайтынымды түсінбедім. Тек қана екі-үш күннен кейін «жарқ» етеді. Өйткені, жаңа эндорфиндердің шығуы үшін уақыт қажет, олардың қоры шексіз емес. Ал мен бір жерде қате жібердім бе деп ойландым, мүмкін ет жеп қойған шығармын... Айтпақшы, вегетариндық ағзаның таусылуына септігін тигізеді, адамның «жүзуі» жеңіл болады, яғни стресс физикалық шаршаумен толықтырылады.

Сондай-ақ, мен Құдайға жалбарына алмаймын, яғни бұл әрекетке қадам бастаған сайын, мен өзімнің ұстазымды көремін (Такара Сингх), оның маған күлімсіре қарағандағы нұрланған жүзін көремін.

Мен ешкімге өз көзқарасымды жеткізгім келмейді. Менің бұрынғы «медитатор-жолдастарымның» айтуынша, мен «қорқақтық таныттым» және «әлем мені кері қайтарып алған». Көпшілігі менің «ішкі тәжірибеме» қызғана қарайды.

Бұл менің өмірімғ мен «бұл әлемді» таңдадым. Менің тарихымды оқығандардың барлығына айтқым келеді:

Егер қаласаңдар, медитацияның қалай екендігін көруге әрекет етіңдер. Егер сендердің жолдарың болып, мен сияқты «табыстарға» қол жеткізбесеңдер, оны мен сияқты тастап кетесіңдер, егер сендер төзімділік танытсаңдар, онда «үйренесіңдер». Бірақ ескеріңдер, барлығы үшін төлеу қажет. Медитациядағы бақыт үшін сендер қалыпты өмірдегі депрессиямен төлейсіңдер, сол кезде өмір сүргілерің келмейді. Я, медитация жасау – ләззат, бірақ сендердің бақыт гормондарың таусылған кезде, екі-үш күн сен үшін өте жаман болады. Әріқарай жаңа мөлшерге дейін орын алады... Алқаштар мен нашақорлардың жабық тобы. Таңдау өздеріңізде...

Павел Андреев



Read 2452 times Last modified on Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2012 09:18