29 Наурыз 2024
Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2012 09:03

Пайдалы ақпарат

Rate this item
(1 Vote)

Діни секталарға тән сипат:

- өз рөліңді, идеялық қағидаларың мен ұстанымдарыңды жоққа шығаруға тағылатын айып;

- таңдау көңіл-күйіңе үстемдік ету және белсенді миссионерлікке қарай тенденция;

- рухани қайта өрлеуге ұмтылуға тез мәлім ету, оның белгілері анықталған адамгершілік кодекстері мен әдет-ғұрып ережелерін қатаң сақтау саналады;

- діни институтты жоққа шығарады, «жалпыға ортақ діни қағидамен» алмастырады. Ал қауым ішіндегі шіркеу қызметкерлері үйірімпаз саналады. Таңдалған көшбасшы Құдайдың рақымшылығына ие және қауым жетекшілігінің даналығына ерекше септігін тигізеді деп саналады.

Сектаға тән сипаттар. Діни жарнама (маркетинг). Секта әрқашан өз тауарын тықпалаусен айналысалды. Яғни, өз оқулықтарын тарату және жаңа мүшелерді ерекше жолмен тарту.

Екі жақты дәріс. Адамдарды тартумен айналысатындар сектаға шақырғандарға сектаның тарихы, оның негізін қалаушы және оның жасанды сенімге оқытатындығы жөнінде барлық шындықты айтпайды. Өйткені сектада екі жақты дәріс бар. Біріншісі – сектаға «адам тұлғасын» беру үшін өз сектасының жарнамасы, ал екіншісі ішкі пайдалану.

Иерархия. Жасырылған дәрісті білу үшін адам сектадағы иерархияның анықталған сатысына арналуы тиіс. Секталарды ұйымдастыру өте иерархиялық.

Секта мен оның негізін қалаушының қателеспейтіндігі. Сектаны оқыту әрқашан жоғарғы ақиқатқа үміт етеді, оның үстіне «жаңа» ақиқат өзгелерге қарағанда шынайы көрінеді. Әсіресе – дәстүрлі діндермен салыстырады. Бұл «ақиқат» аса жоғары жолмен, рухпен байланыс, көрініс және «жаңалықтар» арқылы алынады.

Сананы бағдарламалау. Психикасы тұрақсыз, айқын құлықтық өлшемдері, рухани және мәдени білімдері жоқ адамдар секта қатарына ілігеді. Ооның үстіне адам өмірдің бұлдыр мағынасын алады, бірақ оны ойлау тек қана тек қана қарапайым кестелер арқылы құрылады.

Өмір сүруді бақылау. Секталық ұйымның ақырғы мақсаты – көп жақты бақылау, ал шынында адам өмірінің барлық саласын қамту. Кейбір қозғалыстарда жақтаушыларын бақылауда ұстауда жетістіктерге жету үшін психотропты құрылғылар мен гипноздың көмегіне жүгінеді. Соңында сектанттар сектаға өз уақытын, денсаулығын, мүлігін (пәтерлерін сатады немесе сектаның кеңсесі ретінде пайдалануға береді), ал кейде өз өмірін құрбан етеді.

Саяси мақсаттар. Көптеген секталар барлық әлемде билік қолға алуға ұмтылатын ірі өндіріс және қаржы «империялары» саналады.

Діни секталар мен экстремистік ағымдардың ықпалына түспеу үшін сектанттардың алғашқы кезеңдегі әрекеті ескерту және олармен кездескен жағдайда қарапайы ережелерді сақтау қажет.

Діни секталармен кездескен жағдайда өзіңді ұстану ережесі.

Ереже 1

Сырт көзге сенім тудырып тұрса да, таныс емес адамдармен әңгімелеспеңдер. Егер сіз ойламастан тоқтап, қызығушылық танытсаңыз, онда сіздің қымбат уақытыңыздың кем дегенде 30 минуты мыналарды тыңдауға кетеді:

  1. Шоқынбаған әрбір адам өлімнен кейін тозаққа түседі;

  2. Құдайға көптеген адамдардың жұмаққа барғаны тиімді.

  3. Олардың діні барлық діндерге қарағанда ең дұрысы.

  4. Құдайдың аты басқа (мысалы, Иегова).

Ереже 2

Егер сіз жалғыз болсаңыз, олармен сөз таластырмаңыз.

Есте сақтаңыз: сіз жалғыз, ал олар бірнешеу, олар үшін сізді бәске тігу қиынға соқпайды. Олардың мақсаты сізді өздерінің қорытындыларына отырғызу. Бұл адамдар соңында сізді міндетті түрде қандайда бір жиынға, басқосуға, пікірталас клубына және т.б. шақырады. Ең дұрысы сіздің үйіңізде «библиямен айналысуды» ұсынуы ықтимал.

Ереже 3

Үйге таныс емес адамдарды кіргізбеңіздер.

Егер сіз ойланбастан ол адамдарды үйіңіздегі «дәріске» кіргізуге мүмкіндік беріп қойсаңыз, онда есіңізде сақтаңыз:

  1. Бірнеше адам келеді;

  2. Сіз оларды үзбей тыңдауға мәжбүр боласыз, ол адамдар тоқтатамастан сектаның жарнамасын әңгімелейтін болады, олардың сектасы мінсіз екенін дәлелдейді;

  3. Сіз олар жалыққанға дейін тыңдауға мәжбүо боласыз;

  4. Пікірталаста сіздің әрбір дерегіңізге олар өздерінің 10 бұлжымайтын дерегін келтіреді;

  5. Олар сізге қарағанда жақсы дайындалған;

  6. Олар үйден кеткеннен кейін Сіз заттардың жоғалуынан сақтана алмайсыз.

Ереже 4

Танымайтын адамарға сенбеңіз!

Олар үшін ең бастысы айтқан сөздеріне сіздің сенуіңіз. Мұндай айла-тәсілді адамдардың сеніміне жұмыс жасайтын ұрылар, алаяқтар қолданады. Бірақ ұры ұрлағаннан кейін жоқ болып кетеді, ал секта адамдарды зомбиге айналдырып жібереді. Олар не істеп жатқанын түсінбейді, адамдар арасында түсініспеушілік пен есептесеу дауларын тудырады. Ол бөтен діндегі шабуыл жасауға дейін алып келуі ықтимал. Мысалы, «ваххабиттер». Өздерінің құжаттары арқылы құдайға деген сенімді ауыстыра отырып, адамдардың діни сеніміне зиян тигізетін секталардың жоғарғы абызының байлығын ұлғайтады.

Өкінішке орай, сектаға көптеген әдепті адамдар түсіп жатады, бірақ олар жеке әрекет ету, еркіндік және бейқамдықтан айырылған. Олардың өмір сүруін «ата-анасы» қамшы және тәтті тоқашпен талап ететін болады. Ол тыңдағаны үшін ынталандырып, кінәсі үшін жазалайды.

Мұндай «ата-ана» орнына секта тұрады, ал оның жетекшілері ең дұрыс және жалғыз нағыз құдай мен сіздің араңыздағы мәмілегер болақ. Ол сізге өзінің тұжырымдамасын айта отыра, қасиетті жазбалалардағы үзінділер арқылы жедел арбау арқылы діни конфессиияны баяндайды.

Ереже 5:

Діни сектаның мүшелерімен достаспаңыз!

Олардың мақсаты сіздің тәуелділігіңізді құру, кейін сізді сектаға және оның құндылығына тарту. Ал кейін сіз секта жарғысынан сәл кейін шегінген кезде, сектаның қуғындауына ұшыратып, сәулелендіру арқылы жазалауы мүмкін. Сіздің жеке көзқарасыңыз кейбір сұрақтар бойынша көшбасшының көзқарасынан ерекше болуы секта заңындағы қатаң жазамен жазаланады.

Ереже 6:

Өзіңнің телефон нөмірі, мекен жай, атыңызды қалдырмаңыз!

Осыдан кейін сізге күн сайын қоыңарау шалады, олар сіздің жақсы көңіл-күйіңізге түсуге үміттенеді. Сізге беймәлім жағдайда сіздің санаңызға әсер ету үшін жиындарға шақырады немесе анықтама агенттіктері арқылы «кездейсоқ кездесулер» ұйымдастырады. (құдайдың бұйрығы бойынша деп келтіреді).

Ереже 7:

Аз танитын адамдарға, оның үстіне алғаш кездескен жандарғңа\\а өзің туралы толық мағлұматты жария етпеңіз!

Секта үшін сіз туралы ұсақ-түйектен бастап барлық ақпаратты білу маңызды, олар қажет болған жағдайда сіздің сырларыңызды өзіңізге қолдануы мүмкін.

Сектаға келген кездегі «бал айынан» кейін сіздің анықталған уақыттан кейін «қатаң тұрмыс» басталатындығына дайын болыңыз.

Сізге жұмақта орын аз және ол жаққа барлығы түспейді, тек қана таңдаулылар ілігеді деп міндетті түрде құлағыңызға құятын болады. Ол жаққа бару үшін ең үлгілі, ең ыстық, ең үздік (үлгілі сектант) болу керек.

Секта үшін сізді қорқынышта ұстау маңызды, егер сіз жетекшіңіз айтқан міндеттермен жүрмесеңіз, онда құдай ашуланып сізді жұмаққа жібермеуі мүмкін. Өйткені сіздің барлық жетекшілеріңізді құдай қойған және олар сізге тек қана жақсылық тілейді! Сол себепті сектада жетекшілер әрқашан жоғарыдан тағайындалады, оларды төменнен таңдамайды. Яғни, сектада ешқандай демокртия жоқ. Егер бағыныштылардың біреуінің көңілі толмаса, оны күнәһар, діннен бас тартушы деп жариялайды, оны қасиетке қарсы шығушы ретінде тергей бастайды.

Ереже 8:

Секта мүшелерімен ойларыңызды бөліспеңіз!

Әйтпесе, барлық секта сіздің ойларыңызды білетін болады. Аз ғана топ ретінде сектада шектелу күшіне байланысты ақпарат тапшы болады. Сол себепті өсек-аяң мен бос сөз секта үшін тән зат. Олардың мақсаты сіздің құндылықтарыңызды өзіңіздің көтеруіңіз, арнай психологиялық тәсілдер арқылы сізге көмектесуге ұсынады.

Бұл ең қажетті және қарапайым ережелер сізді секта және діни бірлестіктерге тарту қаупінен сақтап қалады. Бірақ тек қана бұл ережелермен шектеліп қалуға болмайды. Сонымен қатар адамдарға мұндай бірлестіктердің қандай нақты қауіп төндіретінін, адам жанының зардап шегуі мен түзелмейтін моральдық зиян алып келу мүмкіндігін түсінуі керек.

Материал авторы:

Материалды Ақтөбе облысының әділет Департаменінің діни істер бойынша бөлімі ұсынды.

Ақтөбе облысының әділет Департамені

Read 1945 times